ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫС ӨНДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Орташа алғанда, ел бойынша қалдықтарды өңдеу үлесі өте төмен, шамамен – 15%, ал еуропалық елдерде бұл көрсеткіш екі есе көп. «Жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес біз бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 40% – ға дейін жеткізуіміз керек», – деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ брифингінде.

«Қоқыстарды жағу кезінде энергия өндіріліп, жалпы электр желісіне сатылады. 2021 жылы инвесторлар арасында қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыттар салу үшін аукциондар өткізу жоспарлануда. Электр энергиясының ең аз құнын кім ұсынса, сол жеңімпаз болады», – деді министр.

Оның айтуынша, қоқыс өртейтін зауыттар өнеркәсіптік қалдықтар туралы Еуропалық директиваға баламалы талаптарға сәйкес жұмыс істейтін болады.

«Еуропада мұндай зауыттарда шығарындылар бойынша ең төменгі көрсеткіштер бар. Мысалы, Венада қоқыс жағатын зауытта диоксин шығарындылары бір граммға дейін құрайды. Біз осындай пилоттық зауыттарды республиканың алты қаласында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ақтөбе, Атырау, Алматы, Нұрсұлтан, Тараз және Шымкент қаласныда болады деп жобалаудамыз. Әлеуетті инвесторлармен жұмыс басталды», — деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

«АА» АҚПАРАТ

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.