Тоқаев полицейді марапаттады

Педофилді ұстағаны үшін «Айбын» орденімен полиция қызметкерін Қасым-Жомарт Тоқаев марапатталды, деп хабарлайды, syntas.kz

Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бакиров II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын, — делінген Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының мәтінінде.

Бақытжан Бәкіров полицейден қашып кетуге тырысқан қылмыскерден ұстау үшін, 13 қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Құқық қорғау органдарының қызметкері сол уақытта табанын ауыр жарақаттап алды. Осыған қарамастан, ол қылмыскерді құрықтап, серіктесі жеткенше ұстап отырған. ҚР ІІМ ресми сайтының ақпараты бойынша, ұсталған азамат кәмелетке толмағанды тонап, зорлады деп айыпталуда. Алматы полициясы оны төрт күн бойы іздестірген болатын. Полиция майоры Бақытжан Бәкіров аяқ жарақатымен үш операциядан өтті. Дәрігерлер көп ұзамай жұмысқа оралып, тағы да көптеген қылмыскерлерді ұстай алатынына сендіреді. Полиция қызметкері отбасылы. Жұбайымен алты бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.