«Халықтық бақылау» бөлімі құрылды

Енді «СҚ- Фармацияның» сайтынан гуманитарлық көмек туралы ақпаратты табуға болады. «Халықтық бақылау» бөлімінде ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш бөлімде гуманитарлық көмек, сатып алудың ашықтығы, медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектердің түсуі мәселелері бойынша ақпарат жарияланатын болады. Осы тақырыпқа сай қазіргі уақытта бірқатар айдарлар әзірлену үстінде.

Компанияда қазіргі уақытта Қоғамдық кеңес құру мәселесі қарастырылуда, -деп атап өтті «СҚ-Фармация».

«СҚ-Фармация» арқылы елге келіп түсетін гуманитарлық көмек аймақтары бойынша келіп түскен және бөлінгені туралы ақпарат алуға болады. Сайтта гуманитарлық көмек туралы ақпаратты табуға болады. Енді халыққа бәрі де ашық болады. Бұған дейін бұл деректер «СҚ-Фармация», сайтында көрсетілмегендіктен қоғамда ең көп ескертулер тудырды.

Гуманитарлық көмек туралы барлық ақпарат – түсу және жөнелту мерзімдерінен бастап, саны мен соңғы алушыларға дейін енді халыққа ашық түрде қолжетімді болады. Бөлімде көрсетілген көмектің өңірлерге дейін және медициналық ұйымдарға дейінгі екі кестесін табуға болады.

Естеріңізге сала кетейік,» СҚ-Фармация » гуманитарлық көмек алатын оператор ретінде келіп түсетін гуманитарлық жүкті қабылдайды, Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша рұқсат қағазын қалыптастырады және қайырымдылықтан түсетін тауарларды тасымалдауды қамтамасыз етеді. Логистикалық рәсімдер компания қаражаты есебінен жүргізіледі.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты карантин енгізілген сәттен бастап елімізге Қытай, Жапония, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Катар, Өзбекстан және Ресейден, сондай-ақ бірқатар ірі компаниялардан гуманитарлық көмек келіп түсті.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.