Ұстаз еді жан жылуың жас ұрпаққа сыйлаған


Роза Садықызы Хайыровамен қоштасу


Ұстаз – ұлағатты ұлы есім! Бала да, дана да ұстаз алдын көрген. Ұстаз болу – өзіңді аямау, шәкірттерінді аялау. Содан да ол халыққа сыйлы аса аяулы жан. Сондай ұлағатты ұстаздарың бірі – Роза Садыққызы Хайырова озды өмірден, Алматыда , 88 жасында. Ол Қостанай обласы Ажаңкелді ауданындағы Аманкелді орта мектебінде Зейінт демалысына шыққанға дейін жарты ғасырға жуық бастауыш сынып оқушыларын сабақ берді. Жұмыс істей жүріп Қазақтың Абай атындағы педагогиқгалық университетін сырттай оқып бітірді. Розаның мыңдағаң шәкірттері бүгін кеңбайтақ Қазақстанның әр өнірінде әр салада, тәуелсіздік мұраттарына қызмет етіп жүр.
Розаның құдай қосқан қосағы Бейсенбек Әбенов ақыл, қабілеті қатарынан асып тұрған асыл Азамат еді. «Торғай тыңын игеру» дейтін науқаң басталып, «Правда» газеті «Турғай зовет» деп жалаулатқан тұста тық игерушілер атын жамалған қылмысісерлер де келді алыстағы Аманіселді ауданына. Олар ұрлық жасағынымен шектелмей жергілікті ұлт өкілдеріңе зорлық қорлық жасаған жайларда болады. Соған төзбеген Аманкелді ауданының сол кездеге басшыларының бірі Бейсенбек Әбенов Орталық комитетің пленумында кремлдін озбырлық саясатын, оның Қазақстандағы аса ірі өкілі Тың өлкелік партия комитетінің біріңші секретарь Соколовты сын садағына ілді. Соны кек тұтқаң Соколов Әбеновті қиюы қиын жіске – жапан далада жаңа совхоз құруға жұмсады. Әле есіме, Бейсенбектің қолында әлі өмірде жоқ совхоз директоры болып тағайындалды деген бір жапырақ қағаздан бөтен ештеңе жоқ еді. Ұйындастырушылық қабілеті өте жоғары Бейсенбек бұл сыннаң сүрінбей өтті. Елдің шетіндегі желдің өтіндегі алыстағы айдала Жыланшық дейің жерден “Родника», сосын Арқалыққа таяу тұстан «Тасты” дейтін совхоздар құрды. Осыңдай қуғында жүрген қиын кездерде Роза жанжары Бейсеңбекке сеңімде серік, мықты тірек бола алды.
Арқа тірер серігі Бейсенбек Алматыда ұшақ апатына ұшырап, өмірдең озғанда Роза бар болғана 33 жаста еді. Қайғыға қарсы тұрып Нұрлан, Нұрсұлтан, Зақира, Салтанат, Айгүл есімде перзенттерін қатарынан кем етпей өсірді. Ері Бейсенбектен соң көп ұзамай тұнғышы Нұрланы өмірден озғында тектелік таныптып, үгілмей, бүгілмей еңбек ете берді. Құдайға шүкір, Нұрланнан өзге перзенттері дін аман. Ата – ана атына кір келтірмей, қоғамға адал қызмететіп жүр.
Расул Гамзатовтың созімен айтсақ Роза Садыққызы Хайырова:
Дана болып, ер болып,
Шығарған жоқ ол атын.
Бас іи бірақ кезінде,
Нағыз Адам болтын.
Қош, ұлағатты Ұстаз, нағыз адам – Роза Садыққызы! Бүгін өзіңмен өзіңнің етжақындарың ғана емес, өзің аялаған, денсаулығыңды аямаған, жаныңның, жылуын сыйлаға, өзінді ажалға қимаған мыңдаған шәкерттерің қинала қоштасып жатыр.
Алдың пейіш, артың кеніш болсын..


Сәбит Досанов,
Мемлекеттік сыйлыңтың лауреаты.
Алматы
20 шілде, дүйсенбі, 2020 жыл.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.