АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Биыл Ұлы Жеңістің – 75 жылдығын мерекелеу ерекше жағдайда өтті. Ардагерлерге көрсетілген құрмет басқаша болды. Аудан əкімі Əмірхан Асанов, аудандық мəслихаттың хатшысы Қанат Кеделбаев, аудан əкімінің орынбасары Сүндет Ғаниев, аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Есім Дауылбай, «Nur Otan» партиясы Амангелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нағашыбай
Əбдіғали, Əлеуметтік қорғау жəне жұмыспен қамту мекемесінің
басшысы Айтжан Ибраевтар ардагерлердің үйіне арнайы барды. Олардың хал-жағдайларын сұрап, əңгімелесіп, Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.Аудан экономикасы мен дамуына өз үлестерін қосқан аудан
тұрғындары Тұрғын Мұқанов, Ғалымжан Жүнісов, Байғабыл
ауылдық округінен Уəш Кеделбаев, Үрпек ауылдық округінен Назар Əбдіхалықов, Қарасу ауылдық округінен Əбдібек Қоржынов
ақсақалдарға аудан əкімі Əмірхан Асанов «Ұлы жеңіске -75 жыл» мерекелік медальдар табыстап, жеміс-жидек пен тəттіге толы себеттер мен ақшалай сый-сияпат жасады. Ардагерлер өздеріне көрсетілген сый-құрметке аудан басшыларына рахметін айтып, ризашылықтарын білдірді. Əсіресе, ауруханада науқастанып жатқан Назар ақсақал аудан басшыларының құрметіне риза болып, батасын берді.

Олар аудан экономикасы мен дамуына өздерінің үлестерін қосқан аудан тұрғындары Тұрғын Мұқанов, Ғалымжан Жүнісов, Байғабыл ауылынан Уаш Кеделбаев, Үрпек ауылынан Назар Әбдіхалықов, Қарасу ауылынан Әбдібек Қоржынов ақсақалдар.
Еңбек ардагерлері өздеріне көрсетілген сый-құрметке аудан басшыларына рахметін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Әсіресе, ауруханада науқастанып жатқан Назар ақсақал аудан басшыларының құрметіне риза болып, ризашылығын білдірді.

Мерекеге орай аудандық Қ.Əбенов атындағы мəдениет үйінің өнерпаздары 7 мамыр күні «Жаса қазақ сарбазы», 9 мамыр
күні «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» атты онлайн концертін
ұсынды.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында А.Иманов мұражайының
парақшасы арқылы 165 майдангер жайлы мəліметтер жариялап,
мерекелік бейне экскурссия өткізді.
Соғысқа ауданымыздан 4872 ер азаматтар аттанып, оның 1600-ге жуығы ғана елге оралып, түрлі салада жұмыс істеп, бейбіт өмірде
бақытты ғұмыр кешті. Казіргі таңда ауданымызда көзі тірі соғыс
ардагерлері жоқ. 78 тыл жəне еңбек ардагері бар. Бұл ардагерлеріміздің бірталайы сый-сыяпаттан құр
қалған жоқ – «Ұлы жеңіске -75жыл» мерекелік төс белгімен марапатталды. Ұлы жеңістің – 75 жылдығы қарсаңында жалғызбасты қариялар мен əлеуметтік жəрдемге мұқтаж ардагерлерге «Біз біргеміз» акциясы аясында түрлі волентерлік көмектер көрсетілді.
Əлеуметтік желі арқылы соғысқа қатысушылардың
ұрпақтары өз аталарының ерліктері туралы бейнероликтер жасап,
естеліктер жазды.

Гүлбаршын СМАЙЛОВА

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.