БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Туған жер-әр адамның түпқазығы
Әркімнің өсіп-өнетін жері – оның туған елі. Адам туған жерін қастерлеп, қадіріне жете білуі тиіс. «Туған елінің қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді» деген халық нақылында. Ендеше туған жері мен елін құрметтеу, оның даңқын асыру әрбір азаматтың міндеті.


Туған елге, жерге оның топырағына деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Туған ел кіндік қанымыз тамған туып-өскен жеріміз, отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу әрбір азаматтың борышы. Алаштың көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханов: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген екен. Расында, білімі мен білігі толысқан, алайда елге деген жанашырлығы жоқ жаннан парасатты азаматтың шығуы екіталай. Осындай білімі мен білігі сай ауылымыздың ұл-қыздары жыл сайын жақсы істерімен туған жерге деген патриоттық сезімдерін іспен дәлелдеуде.
Ежелден балажан қазақ бала сүйіп, оны өсіруді өмірдің мәні мен мағынасына балаған. «Бала – бауыр етің», «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп баланы байлық санаған. Хакім Абай да «Адамның бір қызығы – бала деген» деп өсиет қалдырды. Себебі бала – біздің болашағымыз. Болашағымызға игілікті істе үлгі болу- аға буынның борышы. Осы бағытта ауылымыздың 1984-85 жылдары дүниеге келген ұл-қыздары бүлдіршіндерге арнап ойын алаңын ашты. Балалар игілігіне жасалған алаңда әткеншектің бірнеше түрі, көздің жауын алатын сырғанақтар жасалды. Жүздері бал-бұл жайнаған балалардың қуанышында шек болмады. Балалар үшін жасалған жақсы бастамадан ертеңгі күні ел болашағын ойлайтын азаматтар өсетініне сеніміз мол. «Жастар саябағының» жанынан ашылған ойын алаңы ауылымыздың көркіне көрік қоса түсті. Жыл сайын Ақсай ауылында жастарымыздың елге келіп жақсы істерге мұрындық болып жүргендері көңіл қуантарлық іс. Ауыл жастарының дәстүрге айналдырған осындай игі істері болашақта да жалғасын табады деп сенеміз.


Д.Кокишов,

Ақсай ауылы әкімі аппаратының
бас маманы

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған