ПЛАНШЕТ СЫЙЛАДЫ

Елімізде жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы     басталды.  Бұл акция 1 шілде – 30 қыркүйек аралығында осымен он екінші жыл өткізіліп отыр. Биылғы оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан оқытылмақ. Осы мақсатта оқушыға смартфон, планшет және компьютер мен  жүйрік интернетке қосылатын абоненттік тариф керек. 

 Ауданның белсенді жастарының бірі, жас кәсіпкер, аудандық жастар мәслихатының депутаты Айбек Таңатбаев Б. Қолдасбаев орта мектебінің 4 сынып оқушысы Исабекова Жанерке Мәдиқызына планшет және комплект құрылғысын сыйлап,  қайырымдылық акциясының аясында аз қамтылған отюасына онлайн оқуына көмек көрсетті. Б. Қолдасбаев орта мектебі директорының міндетін атқарушысы  Жадыра Оспанова жас та болса бас болып, пандемия уақытында қол ұшын созып,  демеушілік көрсеткен Айбек Танатбаевқа  алғысын білдірді
Жанеркенің анасы Зәмзагүл Исабекова де алғыс айтып,  батасын берді. 
Қайырымдылық акциясы әлі де жалғасып жатыр. 

Өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.