АБАЙ АТАМЫЗҒА АРНАЛҒАН СТЕЛЛА ОРНАТЫЛДЫ

Биыл қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, ғалым, философ, аудармашы, әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Осыған орай еліміздің барлық аймағында ұлы тұлғаның есімін дәріптеу, болашақ ұрпаққа Абайдың шығармаларын насихаттау бағытында көптеген шаралар жоспарланған.
Бүгін ұлы ақынның дүние келген күнінде ұлық ақынның аты берілген ауданға кіретін орталық басты көшеге Абай атамызға арналған стелла орнатылып, салтанаты түрде ашылуы болып өтті. Оған аудан басшысы Әмірхан Біркенұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Дауылбай және карантин талабын сақтай отырып бір топ ардагерлер мен мекеме кәсіпорын басшылары қатысты.
Аудан басшысы Әмірхан Біркенұлы биылғы жылы ұлы ақын Абай атындағы көше жөнделіп, кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы төселіп, жарықшамдар жаңартылып, енді міне сол көшеге еңселі, арнайы тұғырға қондырылған стелла орнатып ұлы ақынға Аманкелді ауданы үлкен құрмет көрсеткенін тілге тиек етті. Ал оқу ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Тоқтар Мақтағанов ақсақал Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайында сөз қозғады. Жиын барысында Абай атамыздың өлеңі де оқылып, әндері шырқалды.
Абай атамыздың стелласы енді аудандағы ерекше ескерткіштердің қатарына қосылмақ.

Өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.