ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ…

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мәселесі қаралған. Онда жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным – өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп және ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа түсіндіруге бағытталғанын жақсы білеміз. Ертеректе ата-әжелеріміз, сырмақ сырып, киіз басып, алаша, кілем тоқып, іс тігуді, тоқыма тоқып, кесте тігуді, жіп иіруді кейінгі ұрпаққа ұлттық өнерімізді аманат етіп кетті. Алайда өркениетті заманда дайынға үйреніп, көп нәрседен қол үздік. Дегенмен ұлттық құндылықтарымызды дамытып жүрген ел ішінде шеберлер көп. Олардың көз майын тауысып, бар өнерін салып жасаған бұйымдары қымбат бағаланатыны жасырын емес. Сондай шеберлердің ішінде ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, ата-әжелерінің ісін жалғастырып жүрген жастарымыз да бар. Солардың бірі – Нұрсұлу Мейрамбекқызы.

Нұрсұлу Мейрамбек Амантоғай ауылының тумасы. Жасы 25-те. Ол 2013 жылы Ы.Алтынсарин атындагы Аркалык мемлекеттик педагогикалык институтынын «Бейнелеу өнері жане сызу» мамандығына окуға түседі. Қазіргі таңда «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Алтын оймақ» жане «Сиқырлы қалам» үйірмелерінің жетекшісі болып жұмыс атқарып жүр. Қолөнерге кішкентай кезінен қызығып өскен ол, алдымен өзінің қуыршақтарына киіп тігіп үйренген. Күнде әр түрлі стилдегі киімдер ойлап тауып, кейін тігін тігу күнделікті хоббиіне айналады.

-Менің қолөнермен айналысуыма алдымен өзімнің қызығушылығым мен ынтам, сосын анам Салтанат Ізтілеуова себеп болды. Ол кісі тігін тігумен айналысады. Құрақ құрап, ою ояды. Содан қалған қалдық маталарды жинап отырып, мен де өзімше бірдеңелерді тіге бастаймын. Ал қазіргі таңда жұмыстарымның көбісін фетр матасынан жасаймын. Сұранысқа ие түрлі қоржын, дорба, қалталарға тапсырыс алып, өзімді дамытып, жаттықтырдым. Мысалы менің «Жасыл жайлау» деген композициялық туындыма қарасаңыздар, мұндағы барлық қуыршақтар жасыл фетр матасынан тігілген. Ине мен жіпті, қағаз бен бояуды бала кезімнен жаныма серік етіп келемін. Бала күнімнен дизайнер, суретші болуды армандадым. Дизайнер болмасам да, сол арманыма сәл де болса жақын салада жүргеніме қуанамын. Өзіме ою ойып, әдемі қол өнер бұйымдарын ойлап тапқан ұнайды. Осы жұмыстарды жасауда жаным рахат табады. Сондай-ақ, қазіргі заманауи қамзолдарды, сөмкелерді, үй тұмарларын, қабырғаға сәндік бұйым ретінде ілуге арналған панно бұйымдарын, қазақи нақышта ою-өрнектермен безендірілген сандықшаларды да фетр матасынан жасадым,-дейді Нұрсұлу.


Нұрсұлу Мейрамбек өз білгенін шәкірттеріне үйретіп, оларды қолөнер ісіне баулып жүр. Мысалы Айзере Жұматова деген шәкірті биіктерден көрініп жүр.
-Үйірмеге келіп фетрден (жұқа киіз) әр түрлі бұйымдар жасауды үйрендім. Ұстазыма рахмет, қызығушылғым артты. Сабақтан тыс уақытта қолөнермен айналысамын. Қатты ұнайды. Жай істеп қоймай, шығармашылық байқауларға қатысып, жүлдегер атандым. Алдағы уақытта да осы іспен айналыса беремін дейді,- дейді Нұрсұлудың шәкірті Айзере Жұматова.
Ия біздің бүгінгі кейіпкеріміздің қолынан шыққан туындылары той-томалақта кәде сый ретінде ұсынылады. Яғни қуанышты сәттерде пайдаланылып, шаттықты еселей түседі. Нұсұлудың басты мақсаты да осы, өзінің қолынан шыққан туындылары мен сүйікті ісі арқылы жұртшылыққа қуаныш сыйлау! “Өнерліге өріс кең…” деген осы. Нұрсұлудай талапты, өнерлі жастарымыз барса, ұлттық өнеріміз ұмытылмақ емес.

Өз тілшіміз.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.