ЖЕҢІС КҮНІ ТУҒАН ЕР

Жеңіс Махатов  9 мамыр 1945 жылы дүниеге келген. Яғни, Ұлы Жеңіспен түйдей құрдас. Жыл сайын туған күнін Ұлы
Жеңіс күнімен қатар тойлап келе жатыр.

Биылғы жылы аудан əкімі Əмірхан Біркенұлы Жеңіс Махатовты арнайы қабылдады. 75 жасқа толған мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жапты.
Жеңіс ағай туралы биыл, газетіміздің «Жеті муза» айдарында тарқатып жазған едік. Жеңіс ағайды «Ауданның құрметті азаматына лайық бірден-бір тұлға» деп көрсеткен едік. Олай дейтініміз, ауданымыздың спорт саласында 50 жыл бапкерлікпен айналысты. Жас ұрпақты өнерге тəрбиелеуде, спортқа баулуда көп еңбек сіңіріп келеді. Аудан ардагерлерінің ақылдастар алқасының белсенді мүшесі. Аудан экономикасы мен мəдениетін көтеруде көп үлес қосып келе жатыр. Жеңіс Əбдікұлы музыкадан, спорттан, тарихтан жас ұрпаққа
дəріс берген ұлағатты ұстаз. Оның үстіне ағайдың тағы бір қыры бар,
ол – саятшылық! Тазы жүгіртіп, аңға шығады.
Жеңіс ағамызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеп, аман сау, елдің жəне ел ағаларының құрметіне бөленіп, жүзге жетіңіз! -демекпіз.

Г.ЖҰМАДІЛДАҚЫЗЫ.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.