ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН

Аманкелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

БЕКИН НҰРСҰЛТАН СЕРІКҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ:

Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, праймериз ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік береді. Көптен бері талқыға түскен бұл істің оң шешімін тауып Елбасы «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асып отырғаны қуантады.Ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында өтетін праймеризге ел болашағын ойлайтын, патриот азаматтарды менің партиям «Nur Otan» партиясының құрамында болуға, еліне адал қызмет ететін ең белсенді партияластарды іріктеуге атсалысуға шақырамын. Алда болатын сайлауға да немқұрайлық танытпай еліміздің өркендеуіне бар күшін жұмсайтын, ел сенімін ақтайтын еңбекқор тұлғаларды сайлауда өз үлесімізді қосуымыз керек. Праймериз мақсаты негізгі сайлаулардағы партия мүшелерінің ынтымақты дауыс берулеріне қол жеткізу, сондай-ақ жаңа көшбасшыларды айқындау. Жаңа заман талабына сай, мен Бекин Нұрсұлтан Серікұлы, партия мүшесі ретінде праймеризге қатысамын. Елге, халыққа адал қызмет етуге,партияның шын патриоты болуға,өзімнің көшбасшылығымды, іскерлігімді жоғары деңгейде көрсетуге бар күшімді саламын.

Бәріміздің түпкілікті мақсатымыз ол ел тыныштығы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, балаларымыздың болашағы. Елдің тағдыры мен болашағын ойлайтын дана халқымыз сапалы білім мен саналы тәрбиеге ерекше мән берген. Азат Қазақстан бүгінгі күні білімге ерекше көңіл бөліп, озат Қазақстан болуға ұмтылуда. Үйретуден жалықпай ұстаздық қылған мұғалімдер қауымы аянбай қызмет жасап келеді. Табысты болудың ең басты факторы білім.

Бағдарлама: Менің мақсатым

  1. Ауылдағы ұстаздар қауымының әлеуметтік жағдайын жақсарту.
  2. Ауылдағы жас мамандарды жұмысқа тарту.
  3. Жастарды әр түрлі өнер жолына үйрету.
  4. Өскелең ұрпақ бойында ана тіліне деген сезімін қалыптастыру.
  5. Дәстүрлі өнерге деген қызығушылықты ояту.
  6. Аға буын мен жастар арасындағы рухани қарым-қатынасты жандандыру.
  7. Жүктелген міндетке асқан жауапкершілікпен қарау, белсенді өмірлік ұстанымға ие болу.

Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз,-деп атамыз Ахмет Байтұрсынов айтпақшы, ел азаматы ретінде өзімізге жүктелген міндетімізге адал болайық. Мен сенемін, елде жақсы өзгерістер боларына, халықтың армандары орындаларына, жарқын болашақтың барына.

Құрметті менің сайлаушыларым! Аманкелді аудандық мәслихатының депутаты болып сайлансам, бағдарламамдағы айтылғандардың бәрінің орындалуына өз үлесімді қосамын. Әрбіріңіздің дауысыңыз өте маңызды. Сіздерді дауыс беруге шақырамын. Маған дауыс беріңіздер. Мені қолдағаныңыз, ел болашағы – ұрпақтың тәлім-тәрбиесін қолдағаныңыз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.