ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН

Давлетов Есым Салықұлы 1965 жылы 26 желтоқсанда Ресей федерациясы Қорған облысының Петухов қаласында дүниеге келген.
1985 жылы Қорған Ауылшаруашылық техникумын «веттехник» мамандығы бойынша бітірген, 1985-1987 ж.ж. аралығында әскер қатарында болған.1992 жылы Омбы мемлекеттік ветеринарлық институтын «ветеринариялық дәрігер» мамандығын бітірген.
1992-1993 ж. ж. Қорған облысының Петухов ауданы Пашковский совхозының бас мал дәрігері Болып жұмыс істеді.
1993-1994 ж. ж. «Менеджмент және Агробизнес» Мәскеу академиясының Ауылшаруашылығын басқару курсынан өтті.
1994-1996ж. ж. Қостанай облысы Науырзым ауданы Сосновский совхозында аң фермасының «ветеринариялық дәрігері» болып жұмыс істеді.
1996 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың тамызына дейін Науырзым ауданы бойынша МТКБ ОДҚ жедел уәкілі.
1997 жылғы тамыздан 2000 жылыақпанға дейін Науырзым АІІБ ОДҚ жедел уәкілі.
2000 жылдың ақпанынаң 2002 жылдың қыркүйегіне дейін Науырзым АІІБ Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы.
2002 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың ақпанына дейін АмангелдіАІІб-і бастығының қызмет жөніндегі орынбасары.
2008 жылдың ақпанынан 2010 жылдың желтоқсанына дейін Арқалық қаласының ІІБ-нің қызмет бойынша орынбасары.
2010 жылғы 30 желтоқсанда запасқа шығарылды.
2011 жылдың қазан айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін Амангелді ауданының ветеринария бөлімінің бастығы.
2014 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін «Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келеді.

Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары:

-Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, оның қол сұғылмаушылығын қорғауға қатысты әртүрлі заң жобаларын әзірлеуге қатысу; балаларды барлық қауіп-қатерлерден қорғаумен айналысатын барлық қоғамдық ұйымдардың, қорлардың қызметін жандандыру:

-Біліктілігі жоқ және білікті жұмысшылардың, азаматтық қызметшілердің жалақысын көтеруге бастама жасау;

-Балалар мен жастарға арналған бос уақытты тегін өткізу қызметтерінің желісін олардың(ұйымдардың) пайдалы қызметін тарту, компьютерге тәуелділіктен, құқыққа қарсы әрекеттерден алшақтату мақсатында кеңейту;

-Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына, зейнеткерлерге,тұрмысы төмен азаматтарға, соғыс ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше назар аудару;

-Балалар мен олардың ата-аналарының мүдделері мен қажеттіліктеріне жауап беретін мемлекеттік емес мектепке дейінгі балалар мекемелерін әуестендіру, дамыту және қолдау;

-Жастарды әлеуметтік маңызы бар танымдық , шығармашылық, мәдени,өлкетану, спорттық және қайырымдылық жобаларына, еріктілер қозғалысына қатысуға тарту.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.