ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН

Амангелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
КАМШАТ ШОПТИБАЙҚЫЗЫ АБДИКОВАНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қостанай облысы Амангелді ауданында 1986 жылы 16 сәуірде дүниеге келген. Амангелді ауданындағы Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінде химия-биология пәні мұғалімі және ғылыми-әдістемелік орынбасар қызметі бойынша жұмыс жасайды. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалім.  Педагогикалық еңбек өтілі 18 жыл. Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан Республикасы  жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша директорлар курсын тәмамдаған. Мұғалімнің осы жылдар ішіндегі нәтижелі еңбектері:  Аудан Әкімінің Құрмет  грамотасымен, Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының  алғыс хатымен,  Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның Алғыс хатымен, Амангелді аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және Ғылым министрінің Алғыс хатымен,  ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен  марапатталған.  Облыстық биология және химия пәні мұғалімдері арасында өткізілген «Идеялар жәрмеңкесі» байқауының жеңімпазы  және «Сәкен Сейфуллин оқулары – 13» дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға белсене қатысқаны үшін, сапалы деңгейде шәкірт даярлағаны үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Алғыс хатымен марапатталған. Алматы қаласында өткен Республикалық мектеп директорларына арналған «Үздік тәлімгер» байқауының жеңімпазы.Б А Ғ Д А Р Л А М А:Басты мақсатым:     Халқыма пайдамды тигізу, ел сенімін ақтап еңбек ету арқылы ауданымыздағы білім беру саласында атқарылып отырған барлық жұмыстарға өз үлесімді қосу.  Ұстаздарымыздың мүддесін қорғап, олардың талап – тілектерін барынша жүзеге асыруға тырысамын.
Жұмыстың негізгі бағыттары:      – Білім – табысты болашақтың негізі, сондықтан барлық деңгейдегі білім беру мәселесіне қоғамдық бақылауды кеңейте отырып, сапасын арттыру басты назарымда;   –  Аудан жастарының білімді, мәдениетті азамат болып қалыптасуда өткізілетін  қоғамдық іс-шараларда көшбасшылық таныту менің басты міндетім.  –  Ауданымызда жастарды  өнерге, шығармашылыққа тәрбиелеуде ұмыт болып бара жатқан өнер түрлері мен салт-дәстүрлерімізді дамытуда өз үлесімді қосу. – Дарынды жастарғ¬а (шығармашылық, өнер, ғылым, спорт т.б салалар бойынша) қолдау көр¬сету, үздіктерді түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау;- Дарынды оқушылардың мемлекет тарапынан қолдауына баса назар аударар едім және  білім саласындағы тағы бір мәселе  еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды  қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта  ұстаз ретінде мектеп қабырғасынан бастап балаларға еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандардықтарды оқытуды басты назарда ұстау. – Дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беруде өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетінің артуына баса назар аударып, спорттық үйірмелердің қарқынды жұмыс жасап, көбеюіне де өз үлесімді қосу;  – Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау, бұзақылықтың алдын алу жұмыстарына атсалысу;   – Білім саласындағы ұстаздар қауымының ұсыныс пікірлері мен талап-тілектерін ескере отырып,  мұғалімдер мәртебесін құрметтеп, олардың құқықтарын қорғауға, мұғалімдер тарапынан туындаған ұсыныстар мен мәселелерді бірлесе шешуге жұмыс жасау; – Мәслихаттың тұрақты комиссияларында және сессияларында тұрғындардың ойынан шығатын көкейкесті мәселердің дер кезінде қаралып, талқыланып, оң шешімін табуына ықпал ету;  – Жас мамандардың  жұмысқа тұруына, баспанамен қамтылуына , еңбекке белсенді  араласып тәжірибе жинақтауына, кейін олардың өз мамандығының кәсіби шебер маманы болуына көмектесу; – Жастар саясатын жүйелі түрде жүргізу, жастар арасындағы жұмыссыздықты жою мен олардың демалысын өз деңгейінде ұйымдастыруға күш салу;- Балалардың қол жетімді, әрі сапалы білім алуына жағдай жасауда атқарылатын барлық жұмыстарда белсенділік танытып, өз үлесімді қосу; – Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі  қашықтықтан оқуға көшкені баршамызға аян. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде де, мен өз ұсынысым мен біліктілігімді қосуға қашанда әзірмін. Себебі, балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек деп ойлаймын.      Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы айтқандай білім саласындағы ұстаздар жалақысының 25 пайызға көбейюі. Осы аталған  шешімдерге сай ұстаздар қауымының табысты еңбек етулеріне және білім саласында толағай жетістіктерге қол жеткізулерін басты назарда ұстай отырып, өз тәжірибеммен бөлісуде  қолдау көрсете отырып, мұғалімдердің бірлескен шығармашылық жұмыстарын дамытуда белсенді қатысу:  –  «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында орта мектептердің күрделі жөндеуден өтуіне және ауыл мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және мектептердегі пәндік оқу кабинеттерінің заман талабына сай материалдық-техникалық базалармен  жаңарту жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысамын;-Ауданымыздағы абаттандыру, тазалық мәселесіне  көңіл аударамын;     Жалпы өз бағдарламамда Президент Жолдауын алға тартып, оны жүзеге асыруда өз үлесімді қосып, белсенділік танытамын. Бұл менің бағдарламамның басты ұстанымы.                                                                                                                                                        Құрметті   менің   сайлаушыларым!   Амангелді  аудандық  маслихатының  депутаты  болып сайланатын  болсам,  бағдарламамдағы айтылғандардың орындалуына, өмірдегі жинақтаған бар тәжірибемді пайдаланып, сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамын.Мен сіздермен біргемін!   Сіздерді дауыс беруге шақырамын!

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.