ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН

Мен – Мұсабаева Көркем АМАНТАЙҚЫЗЫ Қостанай облысы, Амангелді ауданында 1981жылы 4 қазанда дүниеге келдім.1998 жыл Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген соң, Қостанай педагогикалық қоллеждің қазақ тілімен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтадым. Еңбек жолымды 2001-2005 жылдар аралығында Ә.Боранбаев, Ы.Алтынсарин орта мектептерінде тәлімгер болып жұмыс атқардым.

2005 жылдың 1 қараша айынан бастап Аманкелді орталықтандырылған кітапханада әдіскер болып жұмысқа орналастым.

2010 жылы өндірістен қол үзбей жүріп, Челябі Мемлекеттік Өнер және Мәдениет академиясынына түсіп «Кітапхана ісі –Библиограф және Оқытушы» мамандығын алып шықтым.

2017 жылдың 17 қаңтарынан бастап «Амангелді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызыметіне тағайындалдым.

Осы жылдар ішінде Республикалық облыстық, аудандық түрлі марапаттарды иелендім.

2009 жылы – «Жылдың үздік кітапхана қызметкерлері» атанып, 2011 жылы – Қостанай облысының мәдениет басқармасының грамотасымен, 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында «Нұр Отан» партиясының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алдым.

2012 жылы – Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай Ұлттық кітапхана директорының алғыс хатымен марапатталдым. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаевтың алғыс хатын иелендім..

2017 жылы «ҚАНАТТЫ ӘЙЕЛ-2017» облыстық байқауында жүлделі ІІ орынды жеңіп алдым.2017 жылы – Қазақстан РеспубликалықҰлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінен іс–тәжірибиелік оқудан өтіп, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдумановтың куәлігін алдым.2017 жылы- «Көкшетау қаласында өткен «Рухани жаңғыру – жастарға бағыт» Республикалық Жас кітапханашылар форумында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ү.Мұңалбаева, Ақмола облысы Мәдениет басқармасы ММ басшысы С.Бөрібаеваның алғыс хатымен марапатталдым.

2018 жылы Қостанай облысы Л.Толстой атындағы кітапхана директоры Д.Дүйсебаеваның Алғыс хатын алсам,2018 жылы Облыс әкімі Мұхамбетов Архимед Бекежанұлының грамотасын иелендім.

2019 жылы «Кітапхана ісінің Үздігі» төсбелгісімен марапатталдым.
2019 жылы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кәсіподақтардың қоғамдағы орнын нығайтудағы үлесі үшін» Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Құрмет Грамотасын иелендім.

Туған ауданымда еңбекке араласқан 19 жыл ішінде мен рухани байлығымызды өркендету мақсатында еңбек етіп, көп тәжірибе жинақтадым. Жасампаздыққа қадам басқан еліміз үшін жаңа кезең, жаңа бастамаларға ұмтылып жұмыс жасап келемін. Ол жолда еліміздің дамуына, ауылымыздың мәдени және рухани өркендеуіне ат салысу парызым деп біліп, жаңа бастама праймеризге қатысуды жөн деп санадым.
Мен сайлау алды бағдарламамды ұсынамын:

  • Ең алдымен өзім қызмет жасап жүрген кітапхана саласындағы кітапхана қызметкерлерінің жағдайын жасауға, кітапханашылар мәртебесін көтеруге, жеке адами құқықтарын қорғауға ат салысамын;
    -Рухани байлық, білімділік болашақтың негізі сондықтанда «Оқитын ел-Оқитын Қазақстан» жобасын ұсыну басты назарымда.

-«Цифрлы қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Елбасының саяси тапсырмасы бағытында ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып келе жатқан мына заманда халқы көп шоғырланған ауыл кітапханаларынының интернет желісіне қосылуына ықпал етемін;

  • Аудандық, ауыл кітапханаларындағы кітап қорын, «мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған құнды кітаптарды сақтауға сонымен қоса, баспасөз басылымдарын оқырман қауымға уақытында жеткізіп отыруға жұмыс жасаймын ;
  • Бүгінгі күннің жастары санасы ашық, білім деңгейлері өте жоғары. Сондықтан ұрпағымызға ұлттық құндылықты, ұлттық рухты, елжандылықты, әдеп –ғұрпымыз, салт –дәстүрімізді насихаттап, дәріптеуге ат салысамын;
    -Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану, келеңсіз жағдайлардың алдын –алу, мәдени-рухани деңгейін көтеру мақсатында көпшілік іс-шараларды жүргізе отырып, ауыл жастарын кітапханаға тартып, байланыс орнатамын;

-Ел бесігі ауылымды көркейту үшін абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге мұрындық боламын.
«НұрОтан» партиясының мықты лидерлері, мықты қағидаты бізге берілген үлкен мүмкіндік. Мен өз мүмкіндігімді туған жерімнің игілігі жолдында пайдалануға дайынмын.

Егемен еліміздің баянды болашағы жолында бірге еңбек етейік! Бұл біздің ұрпағымызға аманат етер ұлы даламыз. Тәуелсіз еліміздің болашағы сіздер мен біздің қолымызда!
Маған дауыс беріңіздер! Сенімдеріңізді ақтауға уәде беремін!

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.