Құрметті ардагер ағалар мен апалар!

    Сіздерді 1- қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын! Бұл   күні  бәріміз сіздерді қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адамгергершілік және даналық  қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады. Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердің теңдесі жоқ ерлік істеріңіз бен отан сүйгіштіктеріңді мақтан етеміз.

Құрметті ардагерлер!

   Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз.  Бүгін ерен еңбектеріңіз бен шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыз білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зорденсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйікпеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін!

Канат КЕДЕЛБАЕВ, Аудандық мәслихаттың хатшысы

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.