ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ — ҒАЛИЯ АПАЙ

       Бүкіл саналы ғұмырын жас ұрпақтың бойына ізгілік пен білімнің нәрін себуге арнаған, білім саласында өзіндік қолтаңбасы бар ұстаздардың ұстазы Ғалия Әбдірахманқызының есімі бұл өңірге өте танымал. Өйткені ұстаздың үйретуші, бағыттаушы тәлімгерлік еңбегі жергілікті халықтың көз алдында. Басшылық қызметте жүргенде Ғалия Әбдірахманқызы үлкен ұйымдастырушылық және адами қасиеттерінің арқасында педагогикалық ұжым мүшелерін жаңашыл істерге бағыттай отырып, өзі оларға үлкен адамгершілік , еңбекқорлық, ұлтжандылық  пен адалдық және жоғары мәдениеттіліктің үлгісі бола білді.        

Мейірімді жүзімен,  байсалды қөзқарасымен, асықпай нықтап сөйлеу мәнерімен, өткір шешен сөздерімен  әр мұғалімнің қатесін түзеп, қиналғанда ақылшы да бола білді. Нағыз тәлімгер, шебер әдіскер- ұстаз мұғалімнің жеке қабілетіне қарай тапсырмалар жүктеп, істі нәтижелі аяқтаған мұғалімді бағалай да білді және өзі үнемі бағыт-бағдар беріп, үлкенге де кішіге де үйретуден  әсте жалыққан емес. Қаншама мұғалімді тәрбиелеп, үйретті десеңші! «Мені ұстаздық жолға тәрбиелеген Ғалия апай»-деп  айтып жүретін мұғалімдер жүздеп келеді.»    Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  ретінде де ауыз толтырып айтарлықтай жетістігі бар. Шайкенова Нұргүл, Сатпаев Сертай, Рыскелдина Тоғжан сынды шәкірттері бірнеше мәрте республикалық пән  рет олимпиадасының  жүлделі орын иегерлері.  Аудан, облыс деңгейінде   жеті рет іс-тәжірибесі таратылған ұстаздың облыстық, аудандық білім конференцияларында , облыстық ұстаздар біліктілігін арттыруға арналған жиындарда жасаған баяндамаларының тақырыптары да сан алуан.      

 Ғалия Әбдірахманқызы бір жылдары облыстық білім жетілдіру институтында  штаттан тыс әдіскері ретінде  облыс мектептерін де өз тәжірибесімен бөлісіп, фронтальды  бақылаулардың комиссия мүшесі болған.    Міне, биыл қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынов айтқандай «адамдық уақытшасы» болып мұғалімдік  қызмет атқарғанына қырық жыл толып отыр. Ауданымыздың атақты мұғалімдерінің  бірі болған, айтыскер ақын, әкесі Қөбенов  Әбдірахманның  жолын қуған Ғалия Әбдірахманқызының  жүрегінде шәкірттерім білсе, үйренсе деген ізгі ниет, аппақ тілек бар.  Жиырма екі жыл басшылық қызметті атқарып келген Ғалия Әбдірахманқызы іскен басшы, үлгілі ұстаз.     Оның ұлағатты өмір жолын үлгі тұтқан шәкірттерінің бір қатары аудан, облыс, республикалық мектептерінде орыс тілі және әдебиетінен  сабақ беруде. Бәрі де Ғалия апайларына ұқсағысы келеді.  Өйткені Ғалия Әбдірахманқызы өзінің қырық жылдық ұстаздық жолында бойына ұстазға тән ізгі қасиеттерді жинақтай білген жан.     Ұлағатты ұстаз, шебер әдіскер-ұстаз мәртебесі де оған кездейсоқ берілген  лауазым емес.  Жиырма төрт  рет аудандық, жеті рет облыс әкімінің , бір  рет облыстық білім департаментінің , төрт рет аудан әкімінің, екі рет Білім және ғылым  министрінің  мақтау, құрмет грамоталарымен , бір  рет экс-президентінің  Алғыс хатымен және мерекелік медальдармен  марапатталған өз ісінің шеберін, майталман кәсіби  білікті маманда тынымсыз еңбек жолдарының ізі жатыр.      Ұстаздардың  көбі бүгінде пір тұтатын ұстаз- Ғалия Әбдірахманқызы  зейнеткерлікке шықса да әлі шығармашылықпен , жаңашыл әдіс-тәсілмен жұмыс істеуде.     Жүрегі мейірімге толы, жаны жайсаң, ұстаздардың ұстазы, биік парасат  иесі, ардақты ана, мейірбан әже –  Ғалия Әбдірахманқызы келе жатқан «Ұстаздар күні»  мерекесімен  мектеп ұжымы  құттықтайды.    Сізге шығармашылық  шабыт, отбасылық бақыт тілейміз!

Жанбосынова Гүлнар Қойшықызы,

Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің  директордың оқу ісінің меңгерушісі

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған