Тұлға тұтар аулыңда– қартың болған қандай жақсы?!

Тұрмыс-тіршілік, әрі дәмнің жазуымен 2003 жылы туған ауданымнан – Арқалық қаласына қызмет ауыстырған едім.Одан кейін 2010 жылдан бері облыс орталығы – Қостанай қаласындағы өткен жылдарда: туып, елу жылдан аса өмір сүрген Аманкелді аймағы бір сәтке есімнен шығып көрмепті. Зейнетке шыққаннан кейін:  өткен өмір жолдарым мен замандастарымды, үлгі тұтқан үлкендер мен өзім қамқорлық жасаған өрендерді жиі еске алу – күнделікті әдетке айналды. Солардың ішінде: үлгі-өнегелерін алып, ұлағатын көргендерім кез келген,қылт еткен белгілі бір сәттер мен қиылыстарда алдымнан шыға келеді. Тіпті, кейде, қас қағым сәтте, бөтен біреулерді елдегілерге ұқсатамын…Кезінде сол адамдардың әрқайсынан бір-бір жаңалық пен жақсылықты іліп қалғанымды кейін байқадым. Ұстаздарымнан: Қоңыртай ағай, бір екі-үш жас үлкен Айтжан Қосжанов, едәуір уақыт қызмет істеген төрт салам: комсомол, партия, кәсіподақ және әкімдік жүйесіндегі әріптестерім, отбастарымен тығыз араласқан жолдас-жораларымтізбектеліп көз алдымнан өтеді. Сонда барып бір-ақ білем, шынында да, уақыт деген сылдырап аққан – судай,  ағып өткен жұлдыздай екен ғой?!

       Таяуда қатарлары сиреп қалған құрметті ақсақалдарымыздың өрелі өкілдері:Амантоғайдан – ауданның «Құрметті азаматы» Мұқтар қажы, Арқалықтан: ішкі істер қызметінің ардагері Совет Құсманұлы Керейбаев, Арқалық қаласының «Құрметті азаматтары»: абыз ақсақал Кәки Шәріпұлы, өлкетанушы-қолөнер шебері Шөптібай  мен Ғапбасұлы Жәнібек ағалар телефон шалды. Бәрінің де сұрайтыны – амандық, денсаулығымыз бен ұрпақтарымыздың тұрмыс-тірлігі. Сол кезде көмейіме сазгер Әсет Бейсеуовтің «Ағаларым» әнінің әуені келеді. Осындай алдыңғы буын, сыйлас, өзіңді іздейтін және соған сай өзің де оларды іздейтін ағаларым болғанына «Шүкір!» – деймін. Туған ағаларым: Нағашыбай мен Әшірбай есіме түседі. Ой шеңберінде шұбатылып отырғанда: Досхан Жолжақсыновтың «Қарттарым, аман-сау жүрші» әнінің сөздері шұбатылады….Көз алдыма елестетіп, ғазиз ағалардың әрқайсының жақсы жақтарын іздеймін?!…  Нәтижесінде, жаңылмай тауып, тап басамын! Көбіне-көп Мұқтар ағаның бет-бейнесі үлгі-ұлағат тұтар мысал биігінен түспейтінін ашық айтамын….

    …. Мұқтар Қоденұлын 1976 жылы комсомол қызметіне келген алғаш жазғытұрыда: бірінші рет аупартком пленумында мінбеге көтеріліп, саңқылдай сөйлегенінен танып-білдім де, ал бетпе-бет шаруаласу, қызметтік мәселе шешудегі кездесу –сол жылдың маусым айы аяғында, Крупская атындағы кеңшарда өтті. Мектеп бітіруші жастарды,осымен аудан бойынша төртінші жыл «шұбартаулықтар» бастамасымен, бірер жыл шопандыққа алып қалу аудан комсомолының қызметінде «қатты қызып тұрған шақ» болатын. Бірақ бұл бастаманы қолдау, жүзеге асыру біздің аймақта «тізеге салып, басып отырып» көптеген үгіт-насихатпен, күштеумен іске асатын-ды. «Ол жағдайды» біздің елдің адамдары әлі де ұмыта қойған жоқ деп есептеймін. Оның пайдалы да жақтары бар екенін ел-жұрт кейін біліп жатты ғой… Айтайын дегенім түйінді мәселенің оңтайлы шешілуі үшін қай жағынан келу керек екенін, сол жолы мектеп бітірушілерді комсомол-жастар қой өсірушілер бригадасына шығару жиналысындакөрдім. Мұқаңның үлкен педагог-тәрбиеші, ел басқарған, істің ыдығын шешуді білетін, асқан сұңғыла-зеректікпен қолданған әдіс-амалын, содан бастап алты жарым жыл комсомол қызметінде болған жылдары ұмытпай, іс-тәжірибемде берік ұстандым. Нәтижесінде, сол кезеңде мен барып кеткен шаруашылықтаұйымдаспай қалған, орта жолдан тарап кеткен немесе шықпай қалған бірде-бір жастар бригадасы болып көрген жоқ. Сөйтсем, балаға, әлі де ештеңенің мән-мағынасына жете қоймаған «алаң-ғұлаң» жас адамға ата-тегінің, ата-анасының кешегі күні кім болғанын сездіру – нағыз баға жетпес құрал екен!

 … Ата-бабалардың  әруақ-беделін айтқанда, ертеректе соғыс тарихы туралы Жоғарғы Басшылық штабының,кезінде «құпия болып келген», деректі-құжаттық материалдарданбір керемет – аңыз сияқты, оқиғаныоқығаным бар еді:…1941-45 жылғы гитлерлік Германияның біздің елімізге тұтқиылдан шабуылындағы кеңес әскерлерінің Мәскеу түбіне дейін шегінісі кезінде «Халықтар көсемі» –  Сталиннің алдында өткен әскери-стратегиялық кеңесуде: өмір танымы кең бір қолбасшы айтты дейді: «Жолдас Сталин, мына шегініп келе жатқан әскерді түгелімен Мәскеу қорғанысынан алу керек!» – деп. … Бәрі үн-түнсіз…, жым-жырт…

– Сталин: Неге?!

Жаңағы әскербасы: «Жолдас Сталин, жолдас әскер басшылары! Осы күнге дейін соғыса-шегініп келе жатқан, бүгінгі күнгі Мәскеу қорғанысында тұрған жауынгерлердің психологиясы мен ой-саналарына тек шегіне беру сіңіп кетті…»

-Сталин: Ал, сіздің ұсынысыңыз қандай еді?!…

Әскербасы: «Олардың орнына жаңа әскер-қорғаушыларды қою керек!»Сталин: Ал,  кімді?!

Қазақстанда дайындық-жаттығудан өткен азиаттық әскерлерді!

-А,  неге?! – дейді «Халықтар көсемі».

-Өйткені олар соғысуға ата-бабаларының рухы негізінде тәрбиеленген! Олардың Алпамыс-Қобыланды деген қаһарман-Батыр аталары болған! Олар соған сыйынады! Сөйтіп, олар жауын жеңбей – тынбайды!

-Сіз сол армияны атай аласыз ба? – дейді Сталин.

– Иә! Ол генерал И.В.Панфиловтың 316-қазақстандық-атқыштар дивизиясы! – деп нық сеніммен жауап береді. Міне, сол 28панфиловшылардың Мәскеуді қорғаудағы «Дубосеково» түбіндегі жанқиярлық ерлігін орыстар,қалай, ә, «мойындағысы келмей», 60 жыл «қиқаңдаған» жоқ па?!… Бірақ шындық деген – алмас қанжар сияқты «қап түбінде жатпайтыны» рас екен. Шындық түптің-түбінде жарыққа шықты ғой?!

Бұны мысалға алғаным: біздің Мұқаң кез келген жерде, үлкен жиын-халық бас қосуларында, жалпы, көптің алдында өте негізді,тақырыпты тап басып сөйлейді. Өзіндік, тек өзіне ғана тән – өз басынан өткерген – өмірлік ұстанымы бар. Ол одан айнып көрген жоқ-ау?! Аудиторияны өзіне қарата, мәселенің басын ашып, әңгіменің тоқетерін айтады. Ұмытпаймын,… 1980 жылдың көктемінде шаруашылық басшысы М.Ходеновке қолдан жасалған жала мен жазаға ол өзінің негізді жауап-дәлелдерімен тойтарыс бере білді. Жазаға тартылғанына мойымай, үнсіз жүріп-ақ күресіп, жылға жеткізбей, партбилетін де қайтарып алды, абырой-атағын да қорғап қалды, адал болғандықтан ешқандай да – сотталмай да, қамалмай да – аман қалды. Ал, қызмет деген – расында, «қолдың кірі» екен, Мұқаңның іскерлігін таныған, бағалай білетін елдің,марқұм Сыздық Әбжанов бастаған, азамат-басшылары терең тәжірибелі басшыны өзіне сай, лайықты қызметке қайта көтерді. Міне, жүрген ізі мен істері – адал адам. Мұқаңның қадірін «Қабырға» бойынан кеткеннен кейін – қалың Сары Қошқар ата мен Жолдыбек баба ұрпақтары, «Сартал» бойының елі мен жұрты көп жылға дейін үлгі-ұлағат қылып айтып жүргеніне  талайымыз-ақ куә болдық емес пе?! Сондықтан да Мұқтар қажы Аманкелді-Торғайдың кез келген елі мен жеріне, ауданның дүйім елді-мекеніне сағына сәлем беріп, үлкен-кіші халқымен қауышып, ас-жиынының төрінде отырады.Тілекке-тілек қосып,қалың көпшілікке батасын береді. Жақында ғана республикалық теледидардың «Орталық – Батыс» асфальт жолын салуда кейбір «бұлаңқұйрықтатып-туындаған» түйткілдерге тұрғындар атынан ел жағдайын, жер жағдайын жетік білетін тұлға ретінде, батыл, дәйекті дәлелдер айтты! Салған жерден мірдің оғындай тесіп те, кесіп те айтты. Еліміздің болашағы үшін, жастардың бақытты өмірі үшін арын да, барын да аямай, әлі де еңбектері мен көрген-білген өмірлік іс-тәжірибелері мен ақыл-кеңес, жол көрсету-жөн сілтеулерін жасап келе жатқан Мұқтар Қоденұлы сияқты Ағаларымыздың қатары кейінгі  толқынмен толыға түссе  екен?! –  деп тілейміз!

Әбдіқадыр ӘБІЛТАЕВ

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.