Тұңғыш Президент күні – ұлт тұлғасына деген ілтипаттықты паш етеді

1 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік тарихындағы айтулы күндердің бірі. Өйткені жиырма сегіз  жыл бұрын дәл осы күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев егемен елдің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Сол сәттен бастап ел тағдыры Ұлт көшбасшысының қолына сеніп тапсырылды. Жалпы елдің іргетасын қалаған тұлғаларды ардақтау, олардың билікке келген күнін ұлттық мейрам ретінде атап өту – өркениетті елдердегі дәстүр. Енді ғана тәй-тәй басқан жас мемлекеттің де аяғынан тік тұруы үшін Елбасы аз тер төккен жоқ.  Ол кезде әлем Қазақстанды бағыт-бағдары белгісіз, мемлекет болып қалу-қалмауы екіталай ел ретінде қабылдады. Биліктің барлық сатысынан өткен, саясаттың қайнаған қазанында пісіп жетілген тұлға ең алдымен қоғамның қарама-қайшылығымен күресіп бастады.
«Nur Otan» партиясының қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның тікелей басшылығымен партия еліміздің жетекші саяси күші болды. Н.Ә. Назарбаев «Nur Otan» партиясының идеялық шабыттандырушысы болып табылады, партияның пайда болуы, қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрды.«Nur Otan» партияcы қоғамның тілек-талабымен санаса отырып, заманға сай дамуды үнемі басты назарда ұстайды. Бұл ретте Тәуелсіздік тарихында алғаш рет партияішілік сайлау яғни праймериз өткізуді қолға алды. Бұл жаңашылдықты Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың өзі «қайта жаңғырудың» басты кезеңі ретінде бағалаған болатын. Еліміздің белгілі саясатттанышулары мен белсенді азаматтары мен озық ойлы жастары да бұл жаңашылдықты қуана құптауда.Партияішілік сайлау шын мәнінде әрбір азамат үшін — нақты әлеуметтік лифт екені айқын. Бұл – тың ұсыныстар мен жаңа ойлардың іріктеліп, қоғам қазанында қайнаған мықтыларға өз жоба-жоспарын жүзеге асыруға берілетін әділетті жолдама іспетті. Праймериздің негізгі мақсаты – әділдікті басшылыққа ала отырып, шынайы таңдау жасау. Яғни нағыз көшбасшы азаматтардың іріктеліп шығып, елге қызмет етуіне барынша жол ашу. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес ,партиялық тізімдерге кемінде 30 % әйелдер және 20 % 35 жасқа дейінгі жастар қамтылды.Біздің  аудандық «Nur Otan» партиясы Елбасының салған жарқын бастамалары мен сындарлы саясатын  оңтайлы жүзеге асырып келеді. Бүгінде Қазақстан кемел ел, ынтымағы жарасқан мемлекетке айналды. Тарихта жеке адамның рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Нұрсұлтан Назарбаев уақытын безбендеп, заманын таныған, болашақты болжаған ірі саясаткер.
Елдің басшысы қандай болса, халқы сондай. Өз басым бұл мерекені – Елбасыға деген құрмет» деп қабылдаймын.  Елбасы күні құтты болсын, жерлестер!   

Марал ДОСЫМОВ,

«Nur Otan» партиясы Амангелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.