ЖАРАЙСЫҢ, ЛАНА!

Казақстан ұлттық телеарнасында өтіп жатқан «Қазақстан дауысы» көрмей тыңдау байқауына ауданымыздың талантты өнепарарының бірі – Лана Ғафурқызы қатысып, «Қазағым-ай» әнін орындап жобаға өтті.

– Менің арманым – әнші болу. Бірақ мен өзіме сенімсіздік білдіріп техникалық мамандықты таңдадым. Осы мамандықты таңдағаныма өкінемін, бұл менің қателігім болды. Сондықтан қателікті орнына келтіріп, бағымды сынау үшін осы жобаға қатысуды жөн көрдім. Сахна менің үйім сияқты, өзімді еркін сезінемін. Арнайы музыкалық білімім болмаса да, тәлімгерлердің мені таңдайтынына сенімім мол, – дейді Лана.
Ия, өзі айтқандай Лананың орындаушылық шеберлігіне тәлімгерлер Сәкен Майғазиев, Маржан Арапбаева бұрылып, жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, танымал опера әншісі Майра Мұхамбетқызы «Алланың берген таланты» деп пікір білдірді. Лана да тәлімгер таңдауда қателеспеді. Сөйтіп Ланамыз қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарыны бірі – Маржан Арапбаеваның тобына қосылды.

Бізде Лананың жанкүйері ретінде алдағы белестерден сүрінбей өтуіне тілектестігімізді білдіреміз!

Г.Файзолла

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған