«БИДАЙ САЙ» БӨГЕТІ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛДІ

Жақында  Қарасу ауылдық оругіне қарасты  «Бидай сай» бөгетін бөгеу жұмыстары жүргізілді.   Былтыр су тасқынына  байланысты  өзен суының көтерілуі салдарынан бөгет жарылып кеткен болатын.  Осыған байланысты жедел жұмыстар мен алдын алу шаралары қолға алынып, ауыл тұрғындары мен  кәсіпкерлерінің көмегімен  бөгеттің бұзылған жері нығайтылды.

Олар   аудандық «Аман-су» мекемесінің Т-170, бульдозер тракторымен бөгетті  көктемде су мол  жиналатын етіп бөгеді.

– Осы  ауыл халқының көкейінде көптен жүрген сауалдар еді.  Жазда мал су ішетін тоған жасау сауапты іс қой. Осы істі  қолға алу үшін  жанар-жағар май, тракторшының еңбек ақысын төлеуге көмектескен Нұр-Сұлтан қаласында тұратын жерлесіміз  Ғиният Қайдаров, ауыл кәсіпкері Мейрамғали Баймақов, шаруа қожалық басшылары Азат Абильдин, Серік Наурызбаев, Сағадат Дәуғарин, Ержан Абильдин, Мэлстер Бужентаев сынды азаматтарға алғысым шексіз.  Олар ауылда қандай да бір игі іс-шаралардың барлығына да атсалысып келеді. «Бірігіп көтерген  жүк жеңіл» дегендей»  енді келесі жылы  «Бидай сай» бөгетінің суы халық игілігіне жарайтын болады, – дейді  ауыл әкімі Ғасырсейт Қоржынбаев.

 Игі іс қашанда ел қамы үшін жасалады.  Малды ауылдың  азаматтарының бірлігі көпке үлгі боларлықтай.

Г.ФАЙЗОЛЛА

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған