iPhone Қазақстаннан келетін қоңырауларды анықтай бастады

iPhone телефоны кіріс қоңырауларын халықаралық кодпен «+77» және «+76» «Қазақстан» деген жазумен белгілей бастады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіg министрі Бағдат Мусин Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Apple компаниясымен біз маған бірнеше рет қойылған сұрақты пысықтадық. Енді халықаралық «+77» және «+76» коды бар кіріс қоңырау iPhone телефонында «Қазақстан» ретінде көрсетіледі. Айта кеткім келеді. Apple біздің өтінішімізді мүмкіндігінше тез өңдеп, алға шықты», – деп жазды Бағдат Мусин. Бұған дейін «Ресей Федерациясы» деп көрсетіліп келгені қазаұстандық тұтынушылардың наразылығын тудырған болатын.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы америкалық компания iPhone 6 және одан кейінгі құрылғылардың мәселесін iOS 14 шығарылымымен шешкенін атап өтті.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.