
Он екі айдың сұлтаны, берекесі мол қасиетті игі істердің бастауы болған ауызашар беру үрдісін аудан әкімі Талғат Карбозов және мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары жалғастырды. Олар 20 сәуір күні «Сатыбалды Ишан» мешітінің асханасында ауыз ашар жасады. Оған аудан ардагер ақсақалдары мен ораза ұстаған мешіт жамағаттары шақырылды. Жиылған жамағатқа аудан басшысы құттықтау лебізін білдіріп, бүгінгі ауызашар дастарханына келгендеріне ризалығын жеткізді.
Ауызашарға жиналғандар ораза ұстаудың адам денсаулығы мен жан дүниесінің жаңаруына пайдасы зор екендігіне тоқталып, имандылық туралы уағыздар айтты. Әруақтарға арнап құран оқыды.Жиналған жамағат ауыз аштырып сауапті іс жасаған аудан басшыларына алғыс білдірді. Жиын соңында мешіт өкілі елдің амандығын тілеп, дұға жасады.
Г.ФАЙЗОЛЛА
syntas.kz