
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, қазір утилизациялық алым бойынша оператор «Жасыл даму»АҚ-дан жеңілдетілген автокредитке қаржы бөлу жұмыстары жүріп жатыр.
«Жасыл даму» шотынан ақша аудару бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізілуде. Бұл жұмыс аяқталған соң, ақша жіберіледі. Осы аптаның соңына дейін, мамырдың алтысына дейін бітіреміз», – деді Брекешев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев тиісті қаражат осы апта түссе, келесі жұмада бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді.
«Аптаның аяғына дейін ақша түссе, келесі аптадан бастап бұл жұмыс басталады», – деді Өскенбаев.
syntas.kz