
Кездесуге Сатыбалды ишан мешітінің имамы Жандарбек Әмірхамзин, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, аудандық орталық кітапхана, «Жастар ресурстық орталығы» және «Жасыл ел» жасақтарының жастары мен қызметкерлері қатысты.

Қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, сауапты істер мен салауатты шараларды насихаттау, жастарды жаман әдеттен аулақ болу, тарихи тұлғалар туралы игі жобаларды бірлесе жүзеге асыру, қайырымдылық бағыттағы жұмыстарды көбірек ұйымдастыру мәселелері сөз болды.
Өзінің жан-жақтылығымен білімділігімен жастардың санасына ой сала білген облыстың бас имамы Бақытбек Тәжімбектің оқыған дәрісінен жастар көптеген мағұлыматтар алды. Рухани тағылымы мол жақсы кездесу болды деп тарқасты.
Syntas