
Архимед Мұхамбетов алдымен «Әулиекөл – Жалдама» автожолының 0-50 км учаскесінің орташа жөндеу барысын тексеріп жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын көрді.
Ауданымыздағы А. Байтұрсынұлы көшесінің орташа жөнделу барысымен танысты. Көшенің ұзындығы 1,3 км. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«Тентексай» ыстық бұлағына ат басын бұрды. Биылғы жылы ыстық су бұлағы жанында күркелер, қоғамдық дәретхана және қоқысқа арналған урналар қойылған болатын. Қазіргі уақытта бұл жерге абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Одан кейін А.Байтұрсынұлы музей үйі мен медициналық пункт құрылысының жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарын тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іргетасты құю бойынша жұмыстар орындалып, шатыры төселуде. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша осы айдың соңына дейін аяқталмақ.

Жангелдин ауданындағы «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалына барды. Жыл соңына дейін облыстың оңтүстік өңірлерінің 16 ауылы бойынша мобильді интернет 3G/4G стандартына дейін жақсартылмақ.
Іс-сапар барысында өңір басшысы аудан әкімдері мен мердігерлерге барлық жоспарланған жобалар мен іс-шараларды сапалы және мерзімінде орындауды тапсырды.
Syntas