ГҮЛЗАРЛАРҒА ПЕТУНЯ ГҮЛІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Амангелді ауылдық округіне қарасты елді-мекендерді абаттандыру және көркейту саласының бастамасымен ауданымызға гүлзарлар отырғызылуда. Гүлзардағы отырғызылып жатқан сирек кездесетін Петуня гүлі арнайы Нұрсұлтан қаласынан алдырылып жатқан деседі.Бүгінде 4000 түп гүл жеткізіліп, ауданымыздағы «Наурыз алаңы» , «Ана мен бала» саябағы және «Жастар» саябағы сияқты тұрғындар көп жүретін бақтардағы гүл егілетін орындарға жайғастырылып жатыр. Гүлзарларды отырғызуға мемлекет қаражатынан 360 мың теңге бөлініп, бөлінген қаржы толық игерілді.

– Сирек кездесетін Петуняның күтіміде бөлек. Мөлшерінен көп су құйсаң өсу қабілетін жоғалтып, солып қалады.Ал аз мөлшерде су құйсаң қауызы ашылмай, тамыры қурайды.Табиғаты бөлек бұл гүл ауа райының бағамында таңдайды.Жаз айы салқын, әрі ылғалды болса еңбегіміз еш кетеді. Сондықтан күтімін жасауға барынша тырысамыз дейді,- елді мекендерді абаттандыру және көркейту бөлімінің маманы ЖасұланМағзумов.

Ернұр САЯНҰЛЫ,

өз тілшіміз.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.