Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

  Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

   Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де жоғарыда аталған қызметтің қыр-сырына қанып, ауданымыздың дамуына үлкен үлес қосып жүрген «Амангелді ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысы Нұрлан Молдашұлы ҚОЙШЫҒҰЛОВПЕН сұхбат құрған едік

– Нұрлан Молдашұлы «Отбасы – шағын мемлекет» дейді. Алғашқы сұрағымызды сол отбасыңыз жайлы және  өмір жолыңыздан өрбітсек.

– Мен осы Амангелді ауданына қарасты, Үрпек ауылында дүниеге келдім.Балалық шағым осы екі елді-мекеннің арасында өтті. Мектеп қабырғасын Амангелді ауданындағы Киров орта мектебінен қазіргі Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектептен тәмәмдадым. 1981ж Целиноград инженерлік-құрылыс институтына оқуға түсіп, 1986 жылы бітіріп шықтым. Жоғары оқу орынын бітіргесін жұмыс жасай жүріп отбасын құрдым. Қазіргі таңда үш баланың әкесімін.Жарым Дина Қойшығұловамен бірге сол балаларымвзды өсіріп жеткіздік. Үлкен ұлым Дархан Молдашов 1989 жылы дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті «Алтын медальмен» бітіріп шықты. Мектеп бітіргесін «Болашақ» бағдарламасымен Ирландияның астанасы Дублин қаласында ақпараттық технология мамандығы бойынша оқып келді. Бүгінде халықаралық бірлескен формада жұмыс істейді. Екінші ұлым Дастан Молдашов. Нұрсұлтан қаласында Республикалық жедел жәрдем станциялар арасындағы жедел жәрдем дәрігері. Және үйімнің еркесі Нұрай Нұрсұлтан қаласындағы медакадемияның 4-ші курс студенті.

– Мемлекеттік қызметте жүргеніңізге қанша жыл болды? Алғаш мамандығыңыз бойынша қандай лауазым иесі атандыңыз. Қызмет еткен жұмыс орындарыңыз есіңізде ме?

 – Ия , әрине қызмет жасаған жұмыс орындарым есімде. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жүргеніме отыз жылдан асты. 1986 жылы оқу бітіргесін Аманкелді аудандық жабдықтау базасының аға инженері болып бірнеше ай жұмыс атқардым. Осы жылдың қыркүйегінде Арқалық қаласындағы «Торғай құрылысы» тресінің ПМК-39 мекемесінің шебері болдым. 1988-89 жылдар аралығында Арқалық қаласындағы «Қостанай су құрылысы» тресінің ПМК-39 мекемесінің шебері болып жұмыс жасадым. 1989 жылдан 1993 жылға дейін Аманкелді ауданындағы ХРСУ-1507 мекемесінің аға жұмыс жүргізушісІ болдым. Одан екі жыл уақыт Аманкелді ауданындағы ПМК-1504 мекемесінің шебері қызметін атқардым. 1998 жылы Аманкелді коммуналдық шаруашылық мекемесінің шебері атандым. 1999 жылдан Аманкелді аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының еңбек инспекторы деген лауазыммен қызмет жасадым. Осы жылдан кейін екі жылдай уақытта Аманкелді ауданының сәулет бөлімінің бас маманы атанып жұмыс жасадым. 2001-2003жылдар арасында Аманкелді ауданы әкім аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы болдым. 2003-2005жылдары Аманкелді ауданының инфрақұрылым және құрылыс бөлімінің меңгерушісі міндетін атқардым. 2005жылдан бастап осы уақытқа дейін «Амангелді ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылық қызметінде міндетімді атқарып келемін. Осы күнге дейін қай лауазымда қызмет атқарсамда өз мемлекетіме, өз халқыма адал еңбек етушілердің бірімін.Бастысы лауазым емес, атқарған жұмыстың жемісін елім көрсе екен деймін.

– Қызмет атқараған жылдарыңызда маңызды-маңызды деген нысандарды салуға ат салыстыңыз. Жалпы жұмысыңыздың жүйесін түсіндіріп, бой көтерген құрылыстарды атап өтсеңіз?

-Біздің жұмысымыз жайлы көп адам біле бермейді. Мен бөлімге жалпы басшылық жасаймын, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауаптылық танытуға тырысамын. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда бөлімнің атынан өкілдік жасаймын. Жобалық ұйымдар мен құрылыс-құрастыру жұмыстарды жеткізушілерінің қызметін үйлестіремін. Құрылыс сапасына және объектілердің пайдалануға берілу мерзімдеріне бақылау жасауды жүзеге асырамын. Әкімгер болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде ақшалай қаражаттың пайдалануына бақылау жасаймын. Объектілердің құрылысын және оларды қайта жаңарту бойынша тапсырыс берушінің техникалық қадағалау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырамын. Бекітілген аудан құрылысы құжаттамасына, аудан құрылысы тәртібін сақтауға сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруды қадағалап, салушыларды әзірлеу мен ұсыну, қайта жаңарту мен кеңейтуді қоса алғанда аудан маңындағы аймақта сәулеттік-жобалаушы тапсырыс берушімен құрылыстың барлық түрлеріне жобалау жасаймын. Бой көтерген нысандарға тоқтала кетсем. 2005 жылы аудан орталығының су жуйесін қайта құрылымдаудың жобасын әзірледік. 2007 жылы 140 орынға негізделген «Қаламқас» балабақшасын қайта құрылымдау жұмыстарын жүргіздік.2008 жылы Құмкешу ауылында 200 оқушыға арналған мектеп ғимаратын салуға үлкен үлес қостық.2008,2009,2011,2018,2020 жылдары аудан орталығындағы Майлин көшесі мен Мәметова көшелеріндегі 16 пәтерлі үйлерді қайта құрылымдау жұмысын атқардық. 2009 жылы аудан әкімдігінің орталық жылу қазандығын жылу жүйесімен қоса салу жұмыстарында бой көрсеттік. 2010-2011 жылдары «Жұпар» балабақшасы және Ы.Алтынсарин атындағы ОМ күрделі жөндеуден өткізуге ат салыстық.2011 жылы Есір ауылындағы мектеп ғимараты мен Құмкешу ауылындағы (ЛСО)су тазарту қондырғысын орнату жұмыстарын жүйеледік. 2012 жылы Үштоғай ауылындағы мектеп ғимаратының құрылысы және аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуде белсенділік таныттық. 2013 жылы Б.Қолдасбаев атындағы ОМ күрделі жөндеу жұмыстарын жасадық. 2014 жылы Байғабыл ауылының су жүйесінің құрылысын жүргіздік.2017 жылы Ә.Боранбаев атындағы ОМ күрделі жөндеуден өткіздік. 2017-2018 жыллары Амантоғай,Жалдама және Үрпек ,Ағаштыкөл ауылдарының су жүйесін қайта құрылымдау жұмысын атқардық. 2018-2019 жылдары Амангелді және Есір ауылдарының су жуйесін қайта құрылымдау жүйесін жүргіздік. 2019 жылы Аудан орталығындағы 8 пәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтап тапсырдық.

Бәрекелді аға.Атқарып жатқан жұмыстарыңыз ел игілігіне арналып жатқаны белгілі. Бұндай жұмыстарды бағасыз қалдырса болмас. Тындырған істеріңізге қарасақ жетістіктеріңізде көп сияқты?

– Шын еңбек бағасыз қалмайды емеспе.Біздің басты жетістігіміз мемлекетке мүлтіксіз қызмет ету.Сол арқылы елдің ықыласына бөленіп, қажетіне жарау.

Бүгінде атқарған жұмыстың жемісін көрудеміз.Жыл сайын Облыс және аудан әкімдері грамоталарымен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының алғыс хаттарымен марапатталамын. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелігісін тағындым. Үздік мемлекеттік қызметші төсбелгісіне ұсынылып жүрмін. Мемлекет маған не береді деп қарап отырмаймын, керісінше мен мелекетке не бермін деп талпынып жұмыс жасаймын.Еңбегімізді бағалап, құрмет көрсететін жандарға менде алғысымды білдіремін.

– Мемлекеттік қызметкерлер осындай болуы керек деп ойлаймын. Басшы ретінде әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз және сол ортада  өзіңізді қалай ұстайсыз? Қандай жоспарларыңыз бар?

– Атқарушы билік құрылымында жұмыс істеу барысында өзімді неғұрлым сауатты әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары адам ретінде ұстауға тырысамын. маңызды тапсырмаларды орындауға ұжымға тиісті бағыт-бағдар беретін ойшыл басшы болуға ұмтыламын. Қарамағымдағы қызметкерлерге көбіне талапшылмын .Себебі талап қойылмаған жерде жұмыстың ілгерілеуіде қиын. Басқа әріптестермен өзімді бірдей ұстаймын ешкімді төмендетіп көрген емеспін.Алда жоспар көп, берілген тапсырмаларды орындауға жұмыс жасап жатырмыз. Салынатын нысандардың сызбасын реттеп, жүргізілетін құрылысқа дайын отырмыз.Елдің көркеюіне қашанда үлес қосуға тырысамыз. Ол біздің мемлекет алдындағы және ел алдындағы борышымыз.

 Сұхбатыңызға қарасақ, атқарар істеріңіз әлі де көп секілді. Еткен еңбек, төккен тер ешқашан текке кетпейді. Ауданның көркеюіне сүбелі  үлес қосып келесіз. Өскелең ұрпақ көркейген ауданды көріп сізді мақтан тұтатын болады. Қызметіңізге табыс тілейміз. Уақыт бөліп әңгімелескеніңізге көп рахмет айтамын.

Сұхбатты жүргізген Ернұр ӘУЕЗХАН,

өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.