Құрметті досым, бауырым Сабит Аймұханұлы!

Жас кезімізде жұбымыз жазылмай бірге келе жатқан балалық балдауренді өткізген Байғабыл Амангелді аумағындағы әр зат жастығымыздың белгісіндей құнды жәдігерлер секілді. Туған жерден киелі жер жоқ. Жалдама, Торғай, Байғабыл, Гордей өзендеріне суға түсіп балық аулап өткізген қызықты кезеңдер қайтып келмеседе бізден кейінгілер қайталауда. Мен үшін сенің орның ерекше сен ортамыздан өнердің жауапты ең қиыны жазушылықты таңдадың және оның әр саласы ақындық, драматургиялық, әдеби сыңдардыда меңгерген өнер иесісің. Сенің шығармашылығыңа ел қызыға қарайды елдің тірлігін шығармаңа арқау ету шеберлігің қызықтырады. Ел үшін орның бөлек азаматсың мен сенің досың, бауырың әрі оқырманың ретінде бір елден бір жерден екенімізді мақтан тұтып, әқынмандық кеменгерлік ақсақалдық 80 жасқа келуіңмен құттықтаймын. Құралай екеуің бейнеті жоқ зейнеті мол ұзақ өмір сүруге тілектес досың тілектес бауырың

Жұмағали Сүлейменұлы Өмірбек,
Арқалық қаласының құрметті азаматы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.