РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ РӘСІМ ӨТТІ

4 мамыр – Қазақстан халқының мемлекеттік елтаңбасы, туы және әнұраны бекітілген  күн. Атаулы мерекеге байланысты бүгін аудан орталығындағы «Наурыз алаңы» саябағында рәміздер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Ә.Б.Асанов сөз кезегін алып жиынға қатысушыларды мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар ауданымыздың мемлекеттік қызметтің ардагері Бимырза Нұрсейтұлы сөз алып, рәміздеріміздің құндылығы жайлы сыр шертті. Жиын барысында тарихи сәтке де куә болдық. Ауданымызда тұңғыш рет биіктігі 15 метр болатын ҚР көк туы орнатылды. Атаулы мереке қарсаңында Әнет Жұмабеков онлайн патриоттар форумына белсене қатысқаны үшін облыс әкімінің мадақтама грамотасымен марапатталды. Жиынның шымылдығын мәдениет үйінің әншісі О.Махмутов «Көк тудың желбіргені» әнімен жапты.

Ернұр ӘУЕЗХАН,

Суретті түсірген автор

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.