LED-экран іске қосылды

Облыс бойынша қарыштап , жылдам дамып келе жатқан аудандардың бірі – Амангелді ауданы. Бүгінде жаңа демалыс үйлері, тұрғын үй құрылыстары, өзге де тың жаңалықтар ауданымызға ерекше серпін беруде.

Жуырда ауданымызда болған кезекті жаңалық – «Жастар» саябағында LED-экранның іске қосылуы.

Облыс орталықтарында мұндай экрандарды орнату баяғыда-ақ дәстүрге айналған десек те, ауылдағы ағайын үшін бұл – соңғы жаңалық. Алғашқы жұмысын 1-маусым Халықаралық балалар күнінде бастаған қондырғы сахнаның сәнін арттыруда. Ол концерттер мен салтанатты жиын кездерінде әр шығарманың өзіндік табиғатына сай мазмұнын ашып, фото-слайдтармен толықтырып тұрады.

К.Кенжеахметова

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.