ЖАСАНДЫ КӨГАЛ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Аудан тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Аманкелді ауданында балаларға арнап жаңа футбол алаңы ашылмақ.

Жас спортшыларға доп тебуге және жаттығуға жайлы жағдайлар жасау мақсатында орталық спорт кешенінің сыртқы алаңында жасанды көгал төсеу жұмысы басталды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан іске мемлекеттік бюджеттен 5,2 млн теңге бөлінді. Көгал – 5500 шаршы метрді құрайды.

Жасанды көгалды төсеуші Қостанай қаласының «АГИТ» ЖШС мердігер компаниясы. Әзірге көгалдың тегістеу жұмыстары жасалып жатыр. Артынша ұсақ тастарды орналастырып, жасанды көгалды төсеу жұмысын бастамақ. Ойын алаңын 27-ші шілдеге дейін толық бітіру көзделіп отыр. Ауданымызда шағын футбол алаңы бірнеше жерде орналасқан. Ал орталық спорт кешеніндегі жасанды көгалдың төселінуі баршамыз үшін қуанарлық жайт. Себебі спорт кешені үйірме оқушылары үшін жаз маусымында ойнауға таптырмайтын орын. Үйірме оқушылары енді ойын алаңын іздеп алыстағы көгалға сабылып бармайтын болады. Таза ауада доп теуіп, денсаулықтарының қалыпты болуына бұл да бір сеп және аудандық жазғы футбол жарыстары үшін де қолайлы болары сөзсіз. Ауданымыздан әлемге әйгілі Месси, Ранолдо сияқты аяқ доп шеберлерінің шықпасына кім кепіл? Осындай бастаманы қолға алып, жүзеге асырушы жандарға алғысымыз шексіз екендігін жеткізгіміз келеді.

Ернұр ӘУЕЗХАН

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.