ҮЗДІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАҚТА

Жас ұрпақ- елді жаңа мақсаттарға жетелейді. Дәл осындай атаумен «Жастар алаңы» саябағында еңбекқор, білімді, жаңашыл, сондай-ақ аудандық, облыстық, тіпті республикалық байқауларда жүлдегер атанып, алғыс хат, дипломдармен марапатталып жүрген ауданымыздың үлгілі жастарына арналған тақта жарық көрді.
Аталған тақтадан педагогика саласы бойынша Дастан Саматұлы Абилтаев, Сырым Нұрланұлы Тоқтаров, Назгүл Байдүйсенқызы Қорғанбекова, Данагүл Бауыржанқызы Молдашева, Ерқанат Қамысбайұлы Каримов, Саягүл Сәбитбекқызы Мухатина,
Гүлмира Кеңесқызы Аубакирова, Айзада Амангелдіқызы Амантаева, медицина саласы бойынша Ақбайзенов Дархан Ғазезұлы, өнер саласы бойынша Фариза Оңғарқызы Жоламанова, Ғанибет Есетова, мәдениет саласы бойынша Ізтілеуов Балтасар Тұрысбекұлы, спорт саласы бойынша Сабыр Бақтілеу Дәуренұлы, Жақсылық Нұрлан Жамбылбекұлы, Қабдыжалелов Нұрлан Беркінұлы, қаржы саласы бойынша Жанерке Мұратқызы Қайырбекова, мектеп мақтанышы Ирина Владимировна Новицкая,
мемлекеттік қызмет саласы бойынша Дархан Нұрлыбекұлы Бөгетбаев, жеке кәсіпкерлер Айбек Мырзағалиұлы Таңатбаев, Бақытбек ЖұмабекұлыҚұсайынов сияқты белсенді жастарды көруге болады. Бұл жастардың барлығы да қабілет деңгейімен дараланып, оқуда да, еңбекте де толағай табыстарға жетіп жүрген жастар.
Жастарды қолдау – еліміздің дамуының айқын қадамдарының бірі.Сондықтанда ауданымызда жастарға қамқорлық қай жағынан алып қарасаң да жақсы жолға қойылған. Себебі жастар- елдің ертеңі, болашақтың бастауы. Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне ат салысып, туған елінде еселі еңбек етіп жүрген жастардың еңбектеріне толағай табыстар тілейміз.
Күнжамал СЕРІКҚЫЗЫ,
өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.