Аудан әкімі Әмірхан АСАНОВТЫҢ Медицина қызметкерлері күнімен сала мамандарын құттықтауы

Қайырлы күн, құрметті медицина қызметкерлері және сала ардагерлері!

Сіздерді маусым айының үшінші жексенбісі аталып өтетін «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Сондықтан да, денсаулық мәселесі, оған деген қамқорлық, жауапкершілік еш уақытта да күн тәртібінен түскен емес. Медицина қызметкерлерінің қоғамда алар орны қашанда ерекше. Әрбір азаматтың денінің сау болуы Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.

Еліміздегі медицина қызметкерлерінің пандемияға қарсы күрестегі ауыр еңбегін атап өтіп, ризашылығымызды білдіреміз. Осынау жер шарын жайлаған індетпен күресте дәрігер мамандығының маңызы артып, олардың жан жылуы мен аялы алақаны, жүрек мейірімділігімен адамға деген ілтипаты өмірдің өзегі болып қала беретіні даусыз.

Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Осы себептен медицина саласын қолдау жұмысын белсене жүргізе беретін боламыз.

Құрметпен аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы АСАНОВ

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.