Ауданымызда интернат күрделі жөндеуден өтуде

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша Қостанай облысында  63 жоба жүзеге асырыу жоспарланса, казігі таңада қаражаттары бөлініп бірқатар аудандарда жұмыстар басталып кетті.

Солардың    ішінде біздің ауданымызға да  «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 133 млн теңге қаражат бөлініп,  Ә.Боранбаев атындағы орта мектептің жанындағы мектеп-интернат құрделі жөндеуден өтуде.

Оларға барлық жағдай жасалғанымен, ғимарат көп жылдар бойы жөндеу көрмей, әбден тозығы жетіп тұрған болатын.
Бұрын интернат 52 оқушыға арналған болса, енді орын саны 70 орынға дейін артатын болады.Күрделі жөндеуден кейін іші кеңейіп, заманауи төсектер мен шкафтар қойылып, балалардың алаңсыз оқып, демалып, мәдени шараларға қатысуына барлық жағдай жасалмақ. Бұл жаңалыққа интернат қызметкерлері мен балалардың ата-аналары дән риза.

Құрделі жөндеу жұмыстарын «Алюминстрой» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізуде. Казіргі таңада білім ошақтары еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқытылуда.Осыған орай, Алюминстрой» ЖШС құрылысшылары жұмысқа ерте кірісіп, қарқынды әрі шапшаң жұмыс жүргізуде.Олар казіргі таңда шатырын қойып, пластик терезелерді орнатып та үлгірді.
Енді жаңа оку жылында жарқыраған заманауи үлгідегі күрделі жөндеуден өткен интернат ауыл балаларына есігін айқара ашпақ.

Г.СМАЙЛОВА

Recommended For You

About the Author: Syntas