ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН

Ауданымыз күн санап көркейіп келе жатқаны ақиқат. Оған дәлел – салынып жатқан нысандар мен атқарылып жатқан жұмыстар.қиқат. Оған дәлел – салынып жатқан нысандар, атқарылып жатқан жұмыстар. Оны жазудан біз де шаршамай жатырмыз. Ал енді сол атқарылған жұмыстар барысында кейбірінің еңбегі сіңседе, аты аталмай қалып жатады.  «Мен, тек қана мен!» деп бос мақтан мен кеуде қаққанды ұнатпайтын міңез тек шын таланттарда болса керек. Қазіргі дамыған интернет заманында әлеуметтік желіде болсын, өз жұмысын насихаттап жанталасып жатқан адамдардың ішінен де бұл жасты кездестірмейсіз. Өйткені ол атақ-абыройдың емес, таза шығармашылық пен істің адамы.  «Шын талант істеген ісімен жарқырайды» деп білетін біздің бүгінгі кейіпкеріміз де  ауданымыздың көркеюіне үздіксіз еңбек етіп келе жатқан азамат – Жасұлан Нұрбаев.

Жасұлан Жангелдин ауданы, Айырқұм ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Амангелді орта мектебін тәмәмдаған. Сол жылы Арқалық қаласындағы педагогикалық институтқа түсіп бейнелеу өнері мамандығын алып шықты. Жоғары оқу орынын бітіргесін, ауданымыздағы Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте ұстаздық жолын бастады. Бүгінде қызмет жасап келе жатқанына сегіз жылдан асыпты. Жасұлан ұстаздық етіп қана қоймай, жеке кәсіптің қыр-сырын меңгерген. «Аяла Асқар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иесі атанып отырған кәсіпкер десек те болады.

Ол бүгінгі күні өз кәсібін дөңгелету үшін арнайы тапсырыстар қабылдап, жұмыс жасайды. Темірден, ағаштан және басқада материалдарды пайдаланып Арқалық, Торғай, Амангелді сияқты елді мекендердің қажетіне жарап, олардың тапсырыстарын талапқа сай орындап береді. Ауданымыздағы «Жастар» саябағының проектісін сызушы. «Мың домбыра» эблемасының авторы. Биыл жаңа жыл қарсаңында арнайы орнатылған жан-жануалар мүсінін жасаушы. Рәміздер күніне арнап қойылған 15 метрлік көк тудың тұғырын орнатып, сәнін кіргізген осы азамат.

Жасұланның жеткен жетістіктері де жетерлік. Республикалық педагогика.kz оқу-кеңес орталығының «Өнегелі ұстаз» алтын медалімен марапатталған. «Нәтижелі мұғалім» атағының иегері, кәсіби шеберлігі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Жастар жылына орай еңбектегі табысты қызметі үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Өнерге баулыған шәкіртерініңде бағындарған белесі аз емес. Облыстық, тіпті республикалық сурет байқауларында оқушылары топ жарып, көрмелерде суреттері қойылған екен.

 Ауданымызды көркейту үшін өз үлесімді қосудан аянбаймын. Бүгінде үлкен тапсырыстар түсіп жатыр. Оның жемісін алда көретін боласыздар. Ел үшін жасап жатқан еңбегімнің бағасын халық беріп жатса, мен үшін үлкен қуаныш сол. Алда жақсы жоспарлар мен мақсаттар қойдым. Олардың орындалуы үшін тер тегуден жалықпаймын. Тек оған үлкен қолдау керек. Барлық аудан тұрғындарына қолдау күтемін. Болар баланың бетін қақпай, белін буса» деймін дейді Жасұлан.

Мінеки, өнерін көппен бөлісіп, іскерлігін дамытып жатқан жастар үшін қолдау көрсетіліп жатқаны үлкен қуаныш. «Мемлекет маған не береді» деп қарап отырмай, «мен мемлекетке не бере аламын?» деген Жасұланның талабы таудай болары сөзсіз. Жасұланға алда еңбегінің жемісін көріп, үлкен биіктерді бағындыруына тілекшіміз.

Ернұр ӘУЕЗХАН,

өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.