ІНДЕТТІ ЖЕҢУ ҮШІН ҮЙДЕ БОЛАЙЫҚ!

Төлеутай Құтжанова,
Аманкелді ауданының «Құрметті азаматы»

Құрметті жерлестер! Айналайын ұл-қыздарым, балаларым!
Күн өткен сайын суық хабарларды құлағымыз шалып,  індеттің өршіп жатқанын естіп, біліп отырмыз. Қаралы хабарлар сәт сайын көбейіп, «иманды болсын!» деп айту күнделікті дағдымызға айналып барады. Көз көрген өз еліміздің азаматтарынан айрылып жатқанымыз көңілді құлазытуда. Таныстар өзге қалалар мен көршілес аудандарда бірді-екілі туыстарының осы індеттен қайтқанын да айтып жүр. Тәжтажалдың бұлай қарқынды дамуына еш бір ел  төтеп бере алмауда. Солардың қатарында біздің еліміз де тұр. Мінеки «Арқалық қаласында бір күнде 18 адам көз жұмды» деп Айбек інімнің жазғанын балалар оқып беріп, көңілім түсіп отыр. Сондықтан құрметті жерлестерім, сақтанып, әрі-бері жүре бермеңіздер! Бұл пәле еш нәрсеге де, ештеңеге де бағынбай күннен-күнге өрттей өршіп барады. Халқымыздың басына түскен қиын кезеңнен аман сау өту үшін де сақтануымыз керек.  Той тойлап,  қонақ шақыруды ысыра тұрыңыздар!  Неше түрлі жалған ақпараттарды таратудан да сақ болайық, балаларым!  Жақындарымызға жақсылық ойласақ, сақтанайық! Өзіңді сақта, өзгені сақта! Тек жақсылықта қауышуға жазсын Сіздермен, Алла Тағалам!!

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.