ФОТО

АЛТЫН ДАЛА МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫ

Жангелдин және Амангелді аудандарының жерлерінде құрылған. Оның аумағына киіктердің популяциясына кіретін негізгі мекендеу, қоныс аудару және төлдеу жерлері енді. «Алтын дала» резерваты киіктердің қорғалуын қамтамасыз етіп, олардың санын арттыруға көмектеседі.

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экожүйелері мен ландшафтылық ерекшеліктерін және еліміздегі ақбөкендердің бетпақдала популяциясын қорғауды көздейді.

Резерваттың флорасына аңдардың 370 астам түрі кіреді. Сондай-ақ бұл жерде Қазақстанның ең ірі тұйық өзен бассейні (Торғай және Улы Жыланшық өзендері) мен бірегей көлдер жүйесі, оның ішінде өңірдегі ең ірі бұлақтық орнитологиялық аумақ – Сарықопа көлінің тұщы сулы жүйесі бар.

Резерваттың инспекторлары – С. Искаков пен А.Абдрахиевтің биылғы көктемдегі көріністі түсірген фотоларын назарларыңызға ұсынамыз