Ғайнижамал апам, Кәшипа анам

Тылдағы тірлік соғыстан кем болмады…

Мен ата-бабасы коммунистіккеңестік дəуірде қуғын-сүргінге көп ұшыраған əулеттің бір ұрпағымын. 1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық көтерілісі кезінде хан атасы болып сайланған Шымберген қажы мен Қали болыстың жəне 1929 жылғы «Батпақара көтерілісін» ұйымдастырушы хас батыр Сейітбек Қалиевтің бір ұрпағымын. «Батпаққара көтерілісі» біздің əулетімізге зор қайғы-қасірет əкелді. Атамыз Сейітбек 1930 жылдың 5 мамыры күні үштіктің өкімімен атылу жазасына кесілді. Оның 16 жасар баласы Назарымбек Сібірге айдауға жіберілді. Ағасы Шымберген қажының баласы Арғынғазы 30 жасында жергілікті коммунистердің қолынан оққа ұшты. Ал барлық ағайын-туыстары қуғын-сүргінге ұшырап, Қостанай өңіріне, Алматы жағына бас сауғалап кетті. Елде 6 жасар баласы – менің əкем Рəшит, 1 жасар кенже ұлы Рахымжан жəне Сейітбек атамыздың қарындасы Ғайнижамал Қалиқызы ғана қалды. Ғайнижамал апам 1897 жылы Батпаққара өңіріндегі бай отбасында дүниеге келді. Өмір есігін аша салысымен шешесі қайтыс болып, жас нəресте Ғайнижамал жетім қалады. Əкесінің ағасы Шымберген қажы оны бауырына салып, 5 ұлының ортасында жалғыз қыз қылып еркелетіп өсіреді. Ғайни апамыз жастайынан ақылды, зерек, діни сауатты болады. Он саусағынан өнер тамған тігінші, шебер атанады. Таз руының Қуанышбай атты азаматына ұзатылады. Жолдасы Қуанышбай Сейітбек атамызды қолдағандықтан 1930 жылы атылып кетеді. Сөйтіп апамыз Ғайнижамал 33 жасында жесір қалады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ғайни апам еңбекке араласып, 1941-1947 жылдар аралығында аудандық тігін артелін басқарады. Оншақты шебер əйелдің басын қосып, соғыстағы азаматтарға тері тон, қолғап тігіп, майданға жіберіп отырған. Жалғыз ұлы Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болады. Екі қызынан тараған ұрпақтары бүгінгі таңда еліміздің əр жерінде еңбек етіп жатыр. Апамыз 1975 жылы 78 жасында дүниеден озды. Өмірінің соңына дейін іс тігуден қол үзген жоқ. Өз ауданымызда тұратын бірнеше азаматтар осы кісінің қолынан шыққан киімдерді бертінге дейін киіп келді. Өте шебер кісі еді. Сөйтіп апамыз соғыс жылдарында тылда тынымсыз еңбек жасады. Яғни ауданымыздың 90 жылдық торқалы тойы қарсаңында марқұмды еске алып, оның тамаша еңбегі кейінгі ұрпақтарға үлгі болар деген оймен осы естелікті жазып отырмын. Апам менің əкемнің үйінде дүниеден өтті. Сол секілді, туған анам Кəшипа Бекмағанбетқызы да соңына жақсы сөз қалдырған кісі еді. Ол кісі 1927 жылы қазіргі Жанкелдин ауданының Шеген би (бұрынғы Торғай совхозы) ауылында дүниеге келген. Ол кісінің де анасы ерте қайтыс болып, жетімдікті көп көрген. 1939 жылы өгей шешесімен Аманкелді ауданының орталығына қоныс аударып келеді. Сол кезде анам 12 жаста екен. Осы жерден жетіжылдық мектепті аяқтайды. Соғыс жылдарында Қазақстан Компартиясы Аманкелді аудандық комитеті бірінші секретарының іс-қағаздарын жүргізуші болып қызмет атқарады. Сол кезде яғни, 1944-1948 жылдар аралығында ауданды Сəлімгерей Тоқтамысов деген мемлекет жəне қоғам қайраткері басқарған екен. 1946 жылы əкем Рəшит Галиев соғыстан оралып, елге қызметке араласады. Сол жылдың қараша айында анаммен бас қосып, шаңырақ көтереді. 4 ұл, 4 қызды дүниеге əкеліп, бақытты өмір сүреді. Тек бір өкініштісі əкем 1979 жылы 56 жасында, яғни атам Қалидың жасында, анам Кəшипа 1988 жылы 61 жасында дүниеден өтті. Екеуі де бірі соғыста, бірі тылда тынымсыз еңбек еткен жандар еді. Содан бері артында қалған ұрпақтары оларды сағына еске алып, туған күндерінде құран бағыштап, перзенттік парызын өтеп келеміз. Апам Ғайнижамал да, əкем Рəшит пен анам Кəшипа да еліміздің Əке – əркімнің сүйенер тіреуі, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Əке – асқар тау» əркім өз əкесін əрқашан өзінен жоғары ұстап мақтан етеді. Оны ардақтау – əркімнің міндеті, себебі əке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі. Оның бойынан күш – жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады. Бүгін мен осы мақаламды өз əкем Шалабай Байсалұлына арнаймын. 1921 жылы 20 майда Қостанай облысы Аманкелді ауданы Жаңаауыл ауыл округінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында 1942 жылдың наурыздың 15-і күні № 520 атқыштар полкінде, одан екінші Украйн майданында болып, 1945 жылы маусым айында туған жеріне жеңіспен оралды. Сол жылдан бастап туған жері Аманкелді ауданының Жаңа-ауыл округінде, 1-Май ауыл округінде ауыл шаруашылық саласында маман бо- лып кызмет атқарды. 1949-1953 жылдар аралығында Қостанай ауыл шаруашылық тех- никумында оқып, зооттехник мамандығын алып шықты. 1953 жылдан бастап 1964 жылға дейін Жаңа-ауыл,1-Май колхоздарында зоотехник болып отанға адал қызмет атқарды. 1964 жылы Партияның тапсырма- сымен Аманкелді ауданы орталығы Аманкелді селосында «Пожарная охрана» (өрттен қорғау) мекемесін ең алғашқы болып өзі құрып,осы аталған мекеменің алғашқы басшысы болды.1964 -1967 жылдар аралығында осы мекемеде басшы болып қызмет істеді. Аталмыш сол жылдан бастап 1988 жылға дейін Аманкелді селосындағы дезинфекция мекемесінде дезинструктор болып қызмет атқарды. Ал1 975 жылы қаңтар мен мамыр айлары аралығында Алматы ӘКЕ – АСҚАР ТАУ… қаласында алты айлық білім жетілдіру курсын оқып, инструктор – дезинфектор квалификациялық куəлігін алды. 1982 жылы құрметті зейнет демалысына шықты. Зейнеткерлікке шыққан соң да 1988 жылға дейін қызмет атқарды. Айта кетсем соғыстан келген соң отбасын құрды. Жан жары Көпей көп жылар колхоз, совхоздарда еңбек еткен, еңбек жəне тыл ардагері. Екеуі бес бала өсіріп, тəрбиеледі. Балаларының, немерелерінің барлығы да білім алып, ата-анадан алған тəрбиесімен бүгінгі таңда қызмет атқарып жүр. Олар Мақсұтбек, Роза, Мұратбек, Райхан, Жаңгүл. Осы аталған бес балаларынан он төрт немересі , жиырма шөбересі бар. Марапаттарына тоқтала кетсем. Орден «Отечественной войны 1-степени» 1985ж, Кеңес одағының маршалы Жуков медалі 1996ж, Медаль «За Победу над Германией» 1960ж, медаль «25лет Победы в Великой Отечественной Войне» 1988ж, медаль «Сорок лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945» 1985ж, медаль «70 лет Вооруженных Сил СССР» 1988ж, «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечествен- ной Войне 1941-1945» 1995ж, медаль «Ветеран труда» 1984ж,куəлік «Ударник Коммунистического труда» 1979ж. Медицина саласында да бірнеше ретаудандық аурухананың құрмет грамотасымен,облыстық денсаулық департаментінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Шалабай əкем тағдырдың жазуымен 76 жасында 1997 жылы 12 шілдеде дүниеден өтті. 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде Қазақстандағы əр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Биыл – Ұлы Жеңіске 75 жыл. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды! Əнет ЖҰМАБЕК. Суретте: Ш. БАЙСАЛҰЛЫ. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 75 жыл ৈʚʪʝʡ ʠ ˑ˦˖ Тəуелсіздік алғанын көре алмай кетті. Əкем өмір бойы өз əкесіне риза болмады. Оның коммунистіккеңестік езгіге қарсы «Батпаққара көтерілісін» жасағаны сор болып жабысқанын айтып, көп қиналды. «Өзі партия мүшесі, өзі білімді азамат бола тұра, неге көтерілісті ұйымдастырды екен, артындағы бала-шағасына, ағайын-туысына жамандық əкелетінін ескермегені қалай?» – дейтін. Əрине, қуғынсүргін жанына батқаннан кейін осылай деген шығар. Туыстар əкеме Галиев деген фамилия берген, негізінде Қалиев болуы керек еді. Содан бүкіл бала-шағасы Галиев болып кетті. Ағайын-туыстар да «Сейітбектің «Батпақ-қара көтерілісін» ұйымдастырғаны бəрімізге кесапат болып кездесті» дейтін. «Аудан шапқан Қыржігіт» деген атақ күні бүгінге дейін қыр соңымыздан қалмай келеді. Соның салдарынан үлкен қызметте жүрген азаматтарымыз атылып, айдалса, кейінгілері «сенімсіз элементтер» ұрпақтары деген атаққа ілініп, қызметтері өспей, шеттетілді. Соның бірі өз əкем Рəшит марқұм еді. Өткенде аудандық газетте Бейсенбай Қайырбаев деген ағамыз əкемнің осы өкініші жөнінде əдемі жазды. Мен ол кісіге риза болып, алғысымды арнадым. Осылайша, апам мен анам тылда жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Мен осыны мақтан етемін!

Жанат ЕРМАҒАНБЕТОВА, зейнеткер.

Суреттерде:  Ғайнижамал Қалиқызы, Кəшипа Бекмағанбетқызы.

Recommended For You

About the Author: Syntas