ГАЗЕТ ҰЖЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы АСАНОВ аудандық «Аманкелді арайы» газетінің бас редакторы Гүлбаршын Жұмаділдәқызы СМАЙЛОВАНЫ арнайы қабылдап, редакция ұжымын ұжымын газеттің 85 жыл толуы және кәсіби мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында аудан әкімі аудандық газеттің казіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, бағыт- бағдар берді.Газет редакторы Гүлбаршын Жұмаділдақызы газеттің бүгінгі хал-ахуалын баяндап, атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап берді.

– Жергілікті «Аманкелді арайы» газеті ауданымыздың рухани шамшырағы, ғұмыр айнасы екені баршамызға белгілі. Аудан көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз газет бетінде жарық көруі – тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін. Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!- деп аудан әкімі «Аманкелді арайы» газетінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатымен және аудан әкімі өзінің Құттықтау хатын табыс етті.

Г.МУХАТАЕВА

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.