ЕЛДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ


Әлемді короновиру індеті жайлағаннан бері елімізде сақтық шаралары басталып індеттің алдын-алу шаралары басталып кетті. Дегенмен халық арасында бейқамдықтар әлі де бар. Соның салдарынан ауру саны артып, көз жұмғандар да тіркелді. Сол себепті сақтық шаралары қатаң қолға алынып, аудан көлемінде залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Адам көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық орындар алаңына залалсыздандыру жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтау барынша күшейтіліп, сауда орындарының жұмыс уақытына шектеу қойылды. Ауру таралмау сырттан келген адамдарды бақылауда ұстау, той, құдайы, ас беру, өлік жөнелту сияқты іс-шаралар қатаң бақылауға алынуда. Осы жайында толығырақ білмек болып Амангелді ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Арманбек Несіпбекұлы Оспанбекпен тілдескен едік.

Арманбек Несіпбекұлы, әлем елдеріне таралған коронавирус жұқпасы бүкіл адамзатты алаңдатып отыр. Елімізде сақтық шаралары қабылданып, нақты іс-шаралар жасалып жатқаны белгілі. Осыған орай ауданымызда құқық бұзушылар тіркелді ме?

-Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап короновирустың алдын алу мақсатында Амангелді ауданының жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аудан әкімінің бекіткен арнайы кестесіне сай бақылау мобильді мониторингтік топтын құрамымен аудан аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарын, сауда дүкендеріне, азық түлік емес дүкендерге, шаштараз, автокөлік жөндеу орындарына түсіндірме тексерулер жүргізіліп келеміз. Осы тексеріс барысында анықталған санитарлық қауіпсіздік ережені бұзғандарға аудандық ішкі істер бөлімінен 22 әкімшілік құқық бұзушылық істер тіркелді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаларға – 5 айыппұл, 4 сауда дүкендерінің иелеріне айыппұл, бесеуі тәуліктік қамауға алынып, 8 әкімшілік құқық бұзушылық іс материалдары қаралуда.

-Жұқпалы індеттің алдын алып, бақылауды күшейту барысында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
-Аудан тұрғындары арасында, мекемелерде «COVID-19 инфекциясын білесіз бе?» – 16 сұрақ туралы жадынамалары – 3149 дана, 2721-үн парақтар, сонымен қатар Қостанай облысының Бас саитарлық дәрігерінің барлық меншік нысандағы субъектілерге хабарлама және аудандық РОШ /АОШ/ комиссиясының төрағасының орынбасарының хабарлама парақтарын – 71 нысанға таратып, карантиндік ережелер тәртібі ескертілді. Әлеуметтік желіде, фейсбуктағы парақшамызда короновирустың алдын алу бойынша -51 мақала, басқарма мамандарының атқарылып жатқан жұмыстары бойынша мәліметтер күнделікті және тұрақты түрде жарияланып келеді.
Қазіргі таңда сырттан келген адамдарды бақылауда ұстау бойынша медициналық қызметкер мен біздің басқармадан адамдар бөлінді. Келіп-кеткен адамдарға бақылау жүргізіп, кезекшілік ұйымдастырады. Қай елді мекенге келгені жайлы мәлімет жергілікті басқармаларға беріліп отыр.

-Осы жүргізген жұмыстарыңыздан нәтиже болды ма? Ауданымызда аурып медициналық көмекке жүгінгендер саны қанша? Қанша адам сауығып шықты? Індетті сезінбей жүргендер бар ма әлі?

-Ия нәтиже бар. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 04 шілдедегі № 36 «Күзет шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысы және Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 40 «Қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» қаулылары уақытылы қабылданған алдын алу шаралары деп түсінемін. Оған мысал аудандық аурухананың фильтр бөліміне пневмониямен 1шілде күні -20 адам, 2 шілдеде – 31 адам, 3 шілдеде – 26 адам, 7шілдеде – 47 адам, 8 шілдеде – 21 адам, 9 шілдеде – 17 адам, 10 шілде – 20 адам медициналық көмекке жүгінсе соңғы бес күнде күнделікті 14-10 адам қаралуда. Яғни, медициналық көмекке жүгінгендер екі есеге азайып отыр. Шілде айының алғашқы 20 күнінде провизорлық стационарда 56 адамға дейін жатқан болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш еке есеге азайып, 29 науқас арнайы емдерін қабылдауда. Осы уақытқа дейін провизорлық стационардан 119 адам емделіп шықты Облыстық Ұлттық Сараптама орталығына 389 сынама жолданып тексеріліп, 21 адам COVID-19 коронавирустық инфекциясы анықталды. Пневмониядан 7 адам қайтыс болды. Өкінішке орай, бұл аурудың қауіптілігін аудан тұрғындары әлі толық сезінбей келеді, арнайы нұсқаулықтарды, Бас саниталық дәрігердің қаулысында көрсетілген шараларды толық орындамай келеді.

-Төтенше жағдай кезінде енгізілген заң талаптарын орындамаған жағдайда қандай шаралар қолданылады?

Ия, дұрыс айтасыз. Осы орайда мен аудан тұрғындарына айтқым келеді, енгізілген шараларды орындамаған жағдайда 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 425-бабында Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарына сәйкес, адамдардың жаппай ауруға шалдығуына немесе улануына әкеп соқпаған бұзушылық жеке тұлғаларға – 30, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан жағдайда қызме тоқтаттылып, өнім тәркілене отырып жеке тұлғаларға – 200, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 460, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 620, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескерткім келеді
Қазіргі таңда ауданда залалсыздандыру жұмыстарын толыққанды жүргізу үшін дезинфекция жасалатын қоспалар жеткілікті ме? Жалпы, залалсыздандыру жұмыстары кезінде қандай препараттарды қолданасыздар?
— Иә, бүгінде аудан көлемінде залалсыздандыру жұмыстарын жасау үшін қоспалар жеткілікті. Қазіргі таңда құрамында хлоры бар залалсыздандырғыштарды қолданып жатырмыз.

-Арманбек Несіпбекұлы уқытыңызды бөліп сұхбат бергеніңізге көп рахмет! Халқымыз індеттен аман болсын!

Сұхбатты жүргізген Г.СМАЙЛОВА

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.