Оттегі концентраторлары жеткізілді

Карантиндік шаралардың мерзімі тағы екі аптаға ұзартылды. Осыған байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Аудандық аурухананың бас дәрігері Жанар Каканова жағдайдың тұрақталып, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайғанын жеткізді. Сонымен қатар, «Шұғыла» қоғамдық қорының «Өмір сыйла» акциясымен бес дана оттегі концентраторын тапсырылса, ауданға көмегін тигізіп жүрген меценанттың бірі – Мейрам Айдаболовтың уәде еткен бес дана оттегі концентраторы аудандық ауруханаға келіп жетті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, құрал жабдықпен қамту бойынша дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау туралы тапсырмасын орындау аясында «Шұғыла» қоры кәсіпкерлер, меценаттар, қарапайым тұрғындар арасында өкпені жасанды желдетуге қажетті оттегі концентраторын сатып алуға қаражат жинауды бастаған болатын. Нәтижесінде 450 млн теңге көлемінде қаражат жинақталған. Бұл қаражатқа 4000 жуық концентратор сатып алынады. Оның бесеуі жоғарыда айтқандай Аманкелді ауданына жеткізілді.

Ал енді халықтың басына түскен қиын жағдайды көре тұрып, бей-жай қала алмаған жерлестер індет тарағанда қаржы жинауды қолға алған болатын. Нәтижесінде 9 136 922 теңге жиналды. Жиналған қаражаттың есебі туралы, осы іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Бақытнұр Әлібай:-

– Ең алдымен, осы қаржыдан алғашқы транш ретінде аудандық аурухана шотына 3 400 000 теңге аударылғанын тағы айта кеткен жөн. Оның 480 мың теңгесіне 10 пульсоксиметр алынды. Тағы 1 366 200 теңге дәрі-дәрмекке төленген. Ол дәрі-дәрмек қазір ауруханаға жеткізілген. Одан қалғаны 1 553 800 теңге. Содан кейін ауруханаға 100 дана төсек жабдығы және 50 жастық сатып алуға (жол шығынын қосқанда) 540 мың теңге жұмсалды. 610 мың теңгеге 3 ауа баптағыш (кондиционер), 108 мың теңгеге 2 су жылытқыш (аристон) орнатылды.


Мейрам Айдаболов ағамыздың 850 мың теңгеге алған 5 оттегі концентраторы енді жеткізілмек.
Қазіргі таңда шотта 3 648 122 (Қосымша түскен түсімдер) теңге бар. Ол
сома аурухана шотына енді аударылады. Бас дәрігердің айтуынша дәрі-
дәрмекті жеткізу рәсімі созылып жатыр екен. Ал, ақшаны дәріні қолға
алған соң төлейтін көрінеді. Осы 2-ші транш жуық уақыттағы қажеттілікті қамтамасыз етеді деген үміт бар,- деп фейсбук бетінде мәлім етті.

Бүгінде стационарда пневмония диагнозы қойылған 53 науқастың жиырма төрті емделіп үйлеріне шықты. Қазіргі таңда 26 науқас ем алуда. Індет өршігенде фильтраға күніне 30-40 шақты адам келетін. Бүгін 8 ғана науқас келді. Індеттің беті қайтып келеді.
Осы қиын жағдайда ол ұшын созып, бізге демеу болған жерлестерге ауданның медицина саласының қызметкерлері атынан алғысымызды білдіреміз. Оттегі концентраторының індетке шалдыққан азаматтардың тезірек сауығып, отбасына аман-есен оралуына септігі тиеріне сенеміз,- дейді бас дәрігер Жанар Каканова.
Сондай-ақ, кейбір ауыл азаматтары да қарап қалған жоқ. Аманкелді ауылының әкімі Гауһар Мұратқызының айтуынша жылқы шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкерлер науқастардың сауығып шығуына көмектерін тигізіп, ауруханаға тегін қымыз апарған.

Аудандық ауруханаға ауыл азаматтары науқастардың күш жинап, дертті жеңіп шығуы үшін бал татыған қымыздарын апарды. Кейбіреулері қымызбен айналыспаса да, өздерінің күнделікті сауып отырған биелерінің сүтін «ем болсын» деп науастарға апарып жүрді. Оны ауданның имамы мен барып табыстап жүрдік. Елдің осындай аптал азаматтарына алғыс айтқым келеді. Аманкелді ауылынан Бауыржан Әнуаров, Серік Қабденов, Айтбайдан Мырзекеевтер әулеті, Сәт ауылының кәсіпкері Сағадат Дәуғарин, Мэлс Бөжентаев, Шәмшит Шахиислам сынды батыр елінің азаматтарына Алланың нұры жаусын!,- дейді ауыл әкімі Гауһар Мұратқызы.
Ауханада ем алғандардың бірі Ақжиде Нұржанова:

Шыны керек, ауруханада жақсы қарады. Әсіресе, дәрігер балам Дархан Ғазезұлына алғыс айтқым келеді. Күнде танертең палатаға келіп, хал-жағдайымызды біліп, қорытынды шығарып, ем жасады. Адамдармен тіл табысып, өзін қарапайым ұстайды. Нағыз дәрігер! Дәрігер ең алдымен психолог болуы керек. Ауырып жатқан науқасқа алдымен жылы сөз керек! «Ойбай Сізде бәрі жаман» десе науқас сынып кетуі мүмкін. Біздің көңіл күйіміздің тыныш болып, жақсы емделіп шығуымызға осы Дархан баламның және медбикелер мен санитарлардың еңбегі зор,- дейді ол.
Ия, жастардың Алтын кітабына енген, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Дархан Ғазезұлы біз рейд жасағанда әр науқастың жағдайы туралы мәлімет беріп, қандай ем қолданып жатқанын баяндаған болатын.
Сондай-ақ, індет тарған кезде науқастарды қарап, бар күш жігерін салған дәрігердің бірі – Әлима Қарашева. Ол өзі де инфекция жұқтырып, сол пациненттермен бірге жатып, ем алып шықты.
Науқастардың жазылып шығуы – күні-түні аудандық ауруханада тынымсыз еңбек еткен жоғары білікті дәрігерлер мен медбикелердің, тазалық шарасын сақтаған санитаршылардың арқасы. Дәріханалардағы тұрақтылықты қалыптастырып, жастарды жақсы іске жұмылдыра білген аудан басшысының, елдің ауызбіршілігінің, сыртағы азаматтардың көмегінің арқасында елдің еңсесі тіктеліп қалды. Індет бітіп, жақындарымызбен көрісетін күн тезірек келсін! Алайда карантин аяқталды демей, сақтық шараларын сақтауды ұмытпаған жөн-ау, жерлестер! Соңғы тиынын қайрымдылыққа жұмсап, ешкім де ауырмасын деп шырылдап жүрген жерлестеріңді көріп тұрып, ауыл мен қаланың ортасында сабылып жүруді, топталып бас қосуды доғарғанымыз дұрыс! Жеріміз үлкен болғанымен, санымыз аз халықпыз. Көршілес өзбек ұлтының саны 30 млнға жетті. Мына індеттен біраз адам көз жұмды. Соның дені-қазақтар. Біздің ауданның өзінде жеті адам осы індеттен қаза тапты…
Өз-өзімізді сақтап, елдің амандығын ойлайық, жерлестер!

Г. Смайылова

Recommended For You

About the Author: Syntas

1 Comment

  1. Hello, my name’s Eric and I just ran across your website at syntas.kz…

    I found it after a quick search, so your SEO’s working out…

    Content looks pretty good…

    One thing’s missing though…

    A QUICK, EASY way to connect with you NOW.

    Because studies show that a web lead like me will only hang out a few seconds – 7 out of 10 disappear almost instantly, Surf Surf Surf… then gone forever.

    I have the solution:

    Talk With Web Visitor is a software widget that’s works on your site, ready to capture any visitor’s Name, Email address and Phone Number. You’ll know immediately they’re interested and you can call them directly to TALK with them – literally while they’re still on the web looking at your site.

    CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to try out a Live Demo with Talk With Web Visitor now to see exactly how it works and even give it a try… it could be huge for your business.

    Plus, now that you’ve got that phone number, with our new SMS Text With Lead feature, you can automatically start a text (SMS) conversation pronto… which is so powerful, because connecting with someone within the first 5 minutes is 100 times more effective than waiting 30 minutes or more later.

    The new text messaging feature lets you follow up regularly with new offers, content links, even just follow up notes to build a relationship.

    Everything I’ve just described is extremely simple to implement, cost-effective, and profitable.

    CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to discover what Talk With Web Visitor can do for your business, potentially converting up to 100X more eyeballs into leads today!

    Eric
    PS: Talk With Web Visitor offers a FREE 14 days trial – and it even includes International Long Distance Calling.
    You have customers waiting to talk with you right now… don’t keep them waiting.
    CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to try Talk With Web Visitor now.

    If you’d like to unsubscribe click here http://talkwithwebvisitors.com/unsubscribe.aspx?d=syntas.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.