ПРАЙМЕРИЗГЕ БАРАМЫН

Амангелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
ДИДАР РАШИТҚЫЗЫ ЕСМАГАМБЕТОВАНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ:

Мен, Есмагамбетова Дидар Рашитовна 1985 жылы 7 шілдеде Амангелді ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келдім. 2001 жылы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебін тәмәмдап, Астана қаласы Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясына түсіп, фармацевт мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
Алғаш қызмет жолымды аудандық орталық ауруханадан бастап, қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Бүгінде отбасылымын, үш баланың анасымын.
Казіргі таңда Амангелді ауданында фармацевтика саласы бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Диплом алғаннан кейін алғаш қызмет жолымды аудандық орталық ауруханадан бастап, тәжірибе жинақтадым! Медицина саласында жүргендіктен аудандағы денсаулық сақтау саласы бойынша өзекті мәселелермен таныспын.

Осы өзекті мәселелер өз деңгейінде орындалуы үшін төменде сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

  • Заңда бекітілген тәртіп бойынша өз округімнің сайлаушыларының мүддесін қорғап,олардың талап тілектерін жүзеге асыру;
  • Медициналық және фармацевтикалық қызмет аясындағы қызмет көрсету сапасын жоғарылату және қызметкерлердің өтініші мен мүддесін қорғау;
  • Жастарды төзімділікке, инабаттылыққа, ар-ұят, мейірімділікке, бауырмалдылыққа шақыру;
  • Ауданымызды абаттандыру, тазалық мәселесіне көңіл аудару.
    Сіздің әрқайсысыңыздың дауыстарыңыз жаңа мүмкіншілікке, еркіндікке жол ашарына сенемін!
    Сол үшін депутат болып сайланған жағдайда барлық депутаттық құқығымды пайдалана отырып, бар күш жігерімді жұмсаймын!
    Маған дауыс беріңіздер, жерлестер!

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.