ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН

Мен Турганов Исламбек Сәбитұлы 08.03.1994 жылы Костанай облысы Амангелді ауданында дуниеге келдім.
2012 жылы Амангелді орта мектебінде оқып, 11сыныпты тәмәмдадым. Аркалык каласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлык коллежіне түсіп, оны 2015 жылы әлеуметтік педагогика жане де өзін-өзі тану мамандығы бойынша диплом алдым.

Казіргі уакытта Қостанай облысы, Амангелді ауданында Б.Колдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде өз мамандығым бойынша жұмыс атқарудамын.

Қымбатты жерлестер!

Мен қасиетті Батпаққара елінің жас ұланымын. Осы жерде туып өскендіктен елімнің бар проблемаларын бес саусақтай білемін деп айта аламын.   Сондықтан Сіздерге өзімнің сайлау алды бағдарламамды қысқа- нұсқа ұсынамын. 

– Аудандағы жұмыссыздықты жойып, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана отырып,  жастарды жұмыспен қамтуға атсалысамын. 

– Аға ұрпақ өкілдерінің ақыл кеңестерін ескере отырып, елдегі түйткілді мәселелерді шешуге атсалысамын. 

– Ауылдарды, елді мекендерді абаттандыру,ондағы  жол, ауыз су мәселелерін шешуге атсалысамын. Ауылдардың тарап кетуі мені қатты толғандырады. Сондықтан ауылдағы жастарды еңбекке тартып, жатарға арналған аллеялар мен спорттық алаң салуға септігімді тигіземін. 

Құрметті жерлестер!  Мені қолдаңыздар! Мен сенімнен шығуға тырысамын! 

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.