АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАРТТАР КҮНІ АРНАҒАН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті ардагерлер, зейнеткерлер мен аға буын ұрпақ өкілдері!


Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын
жүректен құттықтаймын. Біз, әрқашан «Үлкенге – құрмет, кішіден –
ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын
қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның
өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеденақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы
сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мԥн берген.
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген қанатты сөз
бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық
қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке,
Отанға, отбасына деген адалдыққа жԥне абыройлы болуға тԥрбиелеп
келесіздер.
Қазіргі таңда зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау
көрсету, үлкенді құрметтеу – мемлекет саясатының басым
бағыттарының бірі.
Құрметті Абзал ардагер ағалар, Қадірлі Асыл аналар!
Сіздердің ԥрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз
– ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосуда. Сол себепті, ардагер аға-апаларымызға үлгі болар өнегелі істері үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Ақылы – дария, білімі – теңіз , өмірлік тәжірибесі мол сіздерден
тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті
істерді жалғастыруда.
Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы өздеріңіздей
ақсақалдардың барында ел ішінде жөнсіз істер орын алмайтындығы
белгілі. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай
отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс несібе тілеймін!
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, жан жылуы мен бақыт,
қуаныш, жақын туыстарыңыздың, ұрпақтарыңыздың сүйіспеншілігі
мен ықыласын тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Әмірхан АСАНОВ,
Амангелді ауданының әкімі

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.