ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

24 қараша күні аудандық ауруханаға жаңа үлгідегі «УАЗ- PROFI» жедел жәрдем көлігі табыс етілді. Бұл көлікті Қостанай облысы медициналық кезек күтірмейтін жедел жәрдем станциясы мекемесінің бас дәрігері Ирина Анатольевна Штейгервальд арнайы келіп салтанатты түрде табыстады.

Жедел жәрдем көлігіне мандандырылған реанимациялық емдік шараларын көрсетуге мүмкіндік беретін медициналық құралдар қойылған. Атап айтсақ, портативті өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф, реанимациялық көмек көрсетуге арналған чемодан, жылжымалы зембіл, пульсоксиметр, редуктор-ингалятор және электрсорғыштармен жабдықталған.

  -Өздеріңіз білесіздер казіргі таңда короновирус індеті өршіп тұр. Жедел жәрдем шақырған науқастарға тез арада алғашқы медициналық көмек көрсетілуі керек. COVID-19 індетіне шалдыққандардың тыныс алуы қиындайды. Сондықтанда 24 литр оттегі бар балондар қойылған. Науқастар мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Жүргізушінің қабинасы оқшауланып бөлінген. Әр салонда сору желдеткіші және әр реанимобильде кондиционер мен жылыту жүйесі бар. Бұл жедел жәрдем көлігінің ерекшелігі де осында. Жаңа қөліктеріңіз құтты болсын. Ел игілігіне қызметіне жарасын. Халық үшін жасап жатқан жанкешті жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,- деді Ирина Штейгервальд табыстау барысында.

   -Аудандардың жедел жәрдем көліктерін басқару Қостанай облыстық медициналық кезек күтірмейтін жедел жәрдем стансиясының қарамағына өткеніне 2 жылдай уақыт болды. Казіргі таңда біздің станцияда 6 фельдшер және 4 жүргізуші жұмыс істейді. Бұрын 2 жедел жәрдем көлігі халыққа қызмет көрсететін. Енді міне, тағыда су жаңа «УАЗ- PROFI» жедел жәрдем көлігі келіп бізді қуантып тастады. Көлік іші алғашқы көмекке қажет медициналық құралдармен толық жабдықталған. Іші өте жайлы, жылы. Тыныс алу аппараттары қойылған.        Енді нуқастарға алғашқы көмек дер кезінде көрсетілетін болады,- дейді аудандық жедел жәрдем станциясының аға фельдшері Гүлмира Молдағалиқызы.

     Қауіпті індеттің алдын алуға, медицина саласын дамытуға арналған игі бастама жалғасын таба берсін демекпіз.

Г.ФАЙЗОЛЛА

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.