ҚАЗАҚСТАН –ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

     Қазақстан – тағдырдың қалауымен бірнеше ұлттан құралған.Елімізде солардың бəрі біратаның баласындай, бір қолдың саласындай ынтымақ-бірлікте,сыйластықта өмір сүруде..Біздің ауданымыз да 20-дан астам ұлттың өкілдері бар.Қазақ халқының дамуына олардың да тигізіп келе жатқан ықпалы көп.Мысалы, ауданымызда тұратынтатар, орыс, украин, беларусь, корей, дүнген ұлттарының өкілдері өздерінің ерекшеліктерімен,өнерлерімен, əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерімен жарасымдылық беруде. Олар қазақтардан көп нəрсе үйренсе, қазақтар да осы ұлттардың əр қайсысынан үлгі өнеге алуда. Атап айтар болсақ, ауданда жеміс-жидек,бау-бақша  егуді орыс ұлтының өкілдері бастаса, қазақтар солардан өнеге алып, ауданымызда бау-бақша өсірумен айналысып олардан асып түсті.

 Сол секілді кезінде тың игеру жылдарында қазақтар орыс,украин ұлтарыны ауданымызға келді.Казіргі таңда олардың ұрпақтары тамырын тереңге жайып өсіп-өнуде.Қазақтың жігіттері  өзге ұлт өқілдеріне үйленсе , өзге ұлт өкілдері қазақтан қыз алып құдандал туысқа айналған.  Виктор Кравец, Владимир Новицкийлер қазақ қыздарына үйленіп,  үбірлшүбірлі болып отыр.Виктор Кравец бүгінде Аманкелді ауданының мақтан етер

дихан-кəсіпкерлерінің  бірі. Ол жермен жұмыс жасауды жетік меңгерген.  «Виктор» шаруа қожалығынының басшысы.

 Амангелділіктер атақты Гордей шалдың салған бөгеттерін, еккен талдарын күні бүгінге дейін айтып отырады.Тіпті ауданымызда Гордей деген бөгет те бар

Ал мал дəрігері Антон Пареевті білмейтін адам кемде-кем шығар. Ауырған малдарын Антон жазып шығаратын..Қазақ тілінде таза сөйлейтін.Бүкіл мал дəрігерлік талаптарды қатаң сақтайтын. Оның балалары дақазақ тілін жетік білді.Неміс ұлты Андрей Гильцті де жақсы біледі. Оны да əлі күнге ұмытқан жоқ.

 Бүгінде Амангелдіде тұратын ұлттардың өкілдері  қай-қайсысы болмасын қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, қазақша ән салып, домбыра тартады.

 Ауданымызда тұратын өзге ұлттар қазақтардың кең пейілдігі мен дархандығын,қонақ сыйлағыштығын жете түсініп, оны сыйлап-қадірлеп, қазақ тілінде жүрек қалауымен сөйлеуді берік дəстүрге айналдырды.

  Бірге тұрғандықтан, қай ұлт болмасын өзі тұратын жердегі халықтың тілін тез меңгеріп алатыны тарихтан белгілі. Осыныңбəрі биылғы 1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні жан-жақты көрінді. Өзге ұлттар қазақтың салт-дəстүрін көрсетсе,қазақтар украин, орыс, беларусь, татар ұлттарының салт-дəстүрін,əдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін көрсетеді

Казіргі таңда ауданымызда Ринат Рафкатұлы, Валерий Пилеев, Валентин Красиков, Олейников,В.Кирьянов,Н.Панамаренко,П. Плещенко, В.Авсиевич  Н.Бебезовтардың  тб ұл өкілдері тәту-тәтті тұрып жатыр. Олардың ұрпақтары аудан мақтанашы.

   Жоғарыда айтып кеттік тың игеру кезінде Торғай жеріне келіп қоныстанып қалған Новицкилердің әулетін атап өткім келеді. Олардың аталары Новицкий Федор Григорьевич 1938 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1939 жылдың қараша айынан 1940 жылдың наурыз айына дейін финн соғысына, 1941 жылдың маусым айынан 1945 жылдың мамырына дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Гвардиялық 6-әуе десанттық дивизияның артиллериялық полкі құрамында болған. Курск, Днепр шайқайтарына, Кировоград, Корсунь-Шевченко, Будапешт операцияларына қатысқан. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Кеңестік полярлық аймақтарды қорғағаны үшін (За оборону советского Заполярья)» медальдарымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.

  Федор Новицкий  1954 жылы  тың игеру кезінде Архангельск облысы  Персидский районынан Амангелдіге  қоныс аударған еді. Первомай,Ленин колхоздарында  механизатар, бригадир болып жұмыс істеді. Ұлдары Владимир ата жолын жалғап осы  Қарасуда тұрып қалды.  Әсия Батырханқызына үйленіп, шаңырақ құрып алты бала тәрбиелеп отырған үлгілі көп балалы отбасы.Қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін кішкентайынан бойына сіңіріп өскен Владимир балаларына да қазақы тәрбие беріп келеді. Қыздары Ирина мен Элвира  білімді, өнерлі балалар. Олар қазақ тілінде өтетін түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындар иеленуде. Ирина қазақтың қара домбырасынан төгілтіп күй төккенде таң қаласың. Барлық өнерді бойына жинаған Ирина Владимирқызы  Новицкая 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні амангелділіктерге өзінің лебізін былай жеткізді:

 — Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 мамыр халықтар бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан – барлығымыз үшін шын мәніндегі  қасиетті Отанға айналды. Көптеген  ұлт өкілдері қазақстанда  тұрып  жатырмыз. Осыдан кейін бұл менің отаным емес деп қалай айта аламыз. Сондықтан менің ата- анам казақтің елі, жері, дархан көңілі туралы  үнем айтып отыратын алғысы менің жүрегімнен ойып тұрып орын алған.Сондықтан мен Қазақстанда тұрғанымды мақтан тұтамын.

  Барша қазақстандықтарға бүгінгідей татулықты, бірілікті тілеймін.Еліміздің болашағы жарқын болсын.Сіздерге шынай көңілмен ашық аспан,бақыт, береке, еліміздің өркендету барысында мол табыс, отбасыларыңызға  аманшылық пен  шаттық тілеймін.

 Мереке құтты болсын Халықтар достығы жасай берсін!

Ия,  ең бастысы – Амангелді жерінде дүниеге келіп, туған жеріне деген сүйіспеншілігі ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып жатса  көп ұлтты еліміздің бір тұтастығы. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді біздің халық. Дана халқымыз мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің ауданымызда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде ауданымыз өркендеп, ілгері баса бермек. Қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Гүлбаршын СМАЙЛОВА.

Суретте: Ирина Владимирқызы Новицская.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.