«ҚАСИЕТТІ ҚАҒБАНЫҢ КІЛТІ ТОРҒАЙДА»

«РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ»  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін ораза айының соңғы жұмасы —  аудандық Сатыбалды ишан мешітінде  қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды .  Бұл  акция «Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының Президенті  Аманкелді  қажы Еренғайыпұлы Әбдіхалықовтың  демеушілігімен «Рамазан қоржыны» акциясы аясында өтті.  Азық-түлікті  Амангелді, Есір, Байғабыл, Қарасу ауылдарының отыз беске жуық көп балалы ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі  аз қамтылған отбасыларға тізім бойынша  үлестіріп берілді.  Азық-түлікті үйлеріне дейін  жеткізуге ауданның Нұрболат Қуанышев бастаған таксист жігіттері тегін қызмет көрсетті.
– Негізі осы уақытқа дейін  Қағбада Халифат дәуірінен бастап 56 кілт жасалды. Соның  56 кілті музейде тұр. 2 кілттің бірін мен ұстап тұрмын, 1 кілт Қағбада тұр. Сонда қараңыз, олар қолындағы 2 кілт пен құлыптың біреуін бізге беріп отыр ғой. Олардың қолында қалатын құлып ертеректе  Абдулхамит хан Осман империясының жасатқан құлпы мен кілті, ал бізге Сауд Аравиясының  жасатқан кілтін беріп отыр. Осындай кілт енді Қазақстан бойынша  біздің торғайлықтарда ғана болады. Бұл туралы  ауылға барғанда кеңірек  әңгімелеп беретін боламын, – дейді Аманкелді қажы.

Енді бұл қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.

syntas.kz

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.