АУЫЛДАҒЫ СЕНБІЛІК

Өз еркімен көмекке асыққан жастар көп болды

Жақында Амангелді ауданына қарасты Есір ауылында ауыл тұрғандары мен жастарының ат салысуымен сенбілік өтті. Сенбілікті орталықтағы саябақтан бастаған тұрғындар ондағы ағаштардың түбін қопсытып, діңін әктеді. Бұл жұмысты атқаруда қыз-келіншектердің белсенділігін айтпасқа болмас. Қаумалаған жастар ауыл көшелерін,аялдама бекеттерін қоқыстан тазартып бірліктерін көрсете білді. Артынша ауылдың ішкі жұмыстарын бітірісімен, ауыл сыртындағы қорымды жинақтап, қоқыстарын шығарып тастады.

Өзен маңайындағы қалдықтарды да ескерусіз қалдырмады.Биыл еріктілер жылы болғасынба, еркінен тыс көмекке асыққандар қатары көп. Қазақтың «Асар» деген ұғымыда осындай істің бірге жасалуынан пайда болған десек қателеспейміз.

– Сенбілік өткізу дәстүрі бүгінгі қазақ қоғамы өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Себебі мұндай жұмыстар адамды тәрбие мен тәртіпке баулиды. Біржағынан қазіргі күні үйден шықпай телефонға телмірген жастардың ойын аулап, бойын жазып, еңбек етуге құштарлығын оятады. Енді бір жақсысы сенбілік барысында ортақтасып еңбек ету – адамдарды өзара көмектесуге, көпшіл болып, бір-біріне ықылас танытуға үйретеді. Біз жыл сайын көктем келісімен ауламызды тазартып, ауылымызды көркейтуге ат салысамыз. Бұл ісімізбен көпке үлгі болатынымыз сөзсіз. Барша адамдарды осындай игі істен құр қалмай, табиғатымызды таза ұстауға шақырамыз дейді,- есірлік жастар.

Ернұр ӘУЕЗХАН,

өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.