АМАНКЕЛДІДЕ ПИЦЦЕРИЯ АШЫЛДЫ

Кеше, 25 мамыр күні аудан әкімі Әмірхан Асанов бастаған мекеме басшылары, «Жастар» паркіндегі «PIZZA HOUSE» франшизасы бойынша жұмыс істейтін отбасылық тамақтану орнының ашылуына қатысты.

Пиццареяның иесі Дүйсеков Ерзат Зияддинұлы аталған кәсібін жүргізу үшін «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығынан білім алып, 505 мың теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз несие алады. Алынған қаржыға пеш, тоңазытқыш, сондай-ақ салынған кешенді жихазбен қамтамасыз етеді.

Әуелде осынау бизнеске бастама болған Ерзаттың жұбайы – Мақпал. Ол 3 жылға жуық көлемде үйден тапсырыс қабылдап, өзіне тәжірибе жинақтайды.Кейін жолдасы Ерзаттың қолдауымен Қостанай қаласында 3 апталық facefood курсында білімін жетілдіріп, арнайы сертификат алып шығады.

Пиццареядан Мақпалдың қолынан шыққан «Пепперони», «Маргарито», «Грибная», «Четыре сезона» сынды пиццалармен қатар, өзге де өнімдер қанық болып, түскі 14:00 мен кешкі 22:00 аралығында отбасыларыңызбен көңіл көтеріп, дәмді сусындар ішіп кете аласыздар. Сонымен қатар шағын туған күн кештерін де өткізе аласыздар.

Ернұр ӘУЕЗХАН

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.