Танымал жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Сәбит Досанов – 80 жаста

Жерлесіміз, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Алаш», Ресейдің әйгілі жазушысы М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері, профессор Сәбит Досанов ағамыз сексеннің сеңгіріне шықты.
20 қаңтар күні қаламгердің мерейтойына арналған шығармашылық кеш Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында дүркіреп тұрып өткен болатын. Ол туралы биыл газетімізде арнайы бет берген болатынбыз.
Бүгін танымал ел ағаларының, қоғам қайраткерлерінің Сәбит Досановтың атына қеліп түскен құттықтауларын оқырман қауымының назарына ұсынып отырмыз.

Қадірлі інім СӘБИТ !

Мен осы жылы 85 жасқа келсем, сен мерейлі 80 жасқа толып отырсың. Екеуіміз де Батпаққара тумасымыз. 2018 жылы ауданымыздың 90 жылдық торқалы тойын атап өткенде менен де бір ескерткіш болып қалсын деп, ақын болмасам да өзімді – өзім қамшылап екі шумақ өлең жазып, әнін шығарып едім.
Батпаққара кіндік қаным тамған жер,
Жалдаманы бойлай қоған қалың ел.
Шөбі шүйгін, суы балдай татыған,
Саған жетпес бұл әлем де ешбір жер.

О, туған жер мен өзіңді сүйемін,
Батыр туған, ақын туған киелім.
Қ-сы
Қарыздармын мен өзіңе қашанда,
Құдыретіңе мен басымды иемін.

Жайнай берші құтты менің мекенім,
Әнге қосып, жырға қосып өтемін.
Құт береке, бақ орнасын халқыма,
Аялаған алтын ұя, бесігім.

Ұрпағын батырлардан үлгі алған,
Бейбіт күнде еңбекпенен шыңдалған,
Қ-сы
Асқақтатып туған елдің мерейін,
Атақ-даңқын биіктерден асырған.

Өсы өлеңді сол тойда өзіңнің ұстазың Мұқатов Қабжалелдің баласы, Қостанай филармониясының әншісі Азамат орындап халықтың құрметіне бөленіп еді.
Мұны жазып отырғаным, сенің де балалық бал дәуренің сол Жалдаманың жағасында өтті. Сол киелі топырақтан осындай дәрежеге жеттің. Сенің балалықтан, азамат болғанға дейінгі кезеңдерің бәрі көз алдымда. Аудандық газетке мақала жызып, Қазтай, Кәкімбек, Ақан ағаларыңнан үлгі алғаныңды да білемін. Жасыңнан жазуға бейім, ізденімпаз болдың. Осы талабың сені осындай заңғар жазушылыққа көтерді.
Оқу бітіріп Алматыға тұрақтағаннан кейін, бетіңді жазушылыққа бұрғаннан соң қазақтың бір туар тарландары Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден сынды ұлы жазушылардан тәлім алып, дәмдес болып, қолынан ет асадың. Ол кісілер саған үлкен үміт артты, сен оны аброймен орындадың. Қазір қазақ деген халқыңның мақтан тұтар жазушысының бірісің. Алланың берген ерекше талантының арқасында халқыңа тағылым-тәрбиесі мол әдеби туындыларды тарту еттің. Сол үшін туған жеріңнің халқы сенімен мақтанады. Ауданымыздың талантты жастары Хамитбек, Жалғасбек, Қонақбай, Сұлтанбек т.б. өзіңнен үлгі алып, қатардағы ақын, журналистер болып шықты. Әсіресе Хамитбекке деген ағалық қамқорлығын зор еді, тек айналайынның ғұмыры қысқа болды. 60 жасқа толған қуанышты күнінде екеуіміз де ағалық ақ тілегімізді айтып, батамызды барген едік.
Қадірлі Сәбит ! Сенің 80 жасқа толған мерей тойыңа деген тілегімді туған бауырыңдай көрген Хамитбек Қуандықұлының өзіңе 70 жасында арнаған мына бір шумақ өлеңімен жеткізгенді жөн көріп тұрмын.

Сөз маржанын селдетіп бір жаңбырша,
Ерлігінді – көрсетіп нар Жалбырша,
100-ге жетіп,
Бөлен ұлы даңққа,
Жырдың қызыл жолбарысы Жамбылша!!

Осыған қосарым мен Алладан өзіңе, отбасыңа, туғандарыңа, халқыңа бар жасылықты тілеймін. Жақсылық саған жақын болсын, жамандық сенен қашық болсын. Жағаңнен дұшпан алмасын, досыңның көңілі қалмасын.

Ізгі ниетпен,
ағаң Кәки (Кәкимолла) Шәріпұлы
Арқалық қаласы
мамыр 2020 жыл

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.